Басты бет / Әлем / WBA ТҰЖЫРЫМЫ БОЙЫНША ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ БІР-БІРІМЕН КЕЗДЕСЕДІ

WBA ТҰЖЫРЫМЫ БОЙЫНША ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ БІР-БІРІМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) бірінші орта салмақтағы суперчемпион кубалық Эрисланди Лара (25-2-2, 14 КО) мен осы салмақтағы чемпион аргентиналық Брайан Карлос Кастаньо (14-0, 10 КО) арасындағы кездесуді ұйымдастыратын болды.

Лара соңғы рет шаршы алаңға қазан айында шығып, төрешілердің бір ауыз шешімі бойынша америкалық Террел Гаушадан (20-1, 9 КО) айласын асырды.

Ал, Кастаньо болса шілде айында америкалық Майкл Сороны (30-2-1, 20 КО) жеңді. Жуырда WBA аргентиналық боксшыны бірінші орта салмақтағы чемпион атағын берген еді. Негізі WBA Regular белбеуі амеиркалық Деметриус Андрадеге (25-0, 16 КО) тиесілі еді. Бірақ ол орта салмаққа ауысып кетіп, белбеу бос қалған еді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бірінші орта салмақтағы WBA белбеуі қазақстандық WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Исламға (25-0, 20 КО) тиесілі. Бұған дейін аргентиналық тілші Кастаньоның негізгі қарсыласы Ислам болады деген болатын.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …