Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АТЫРАУДА БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН СПОРТ МЕРЕКЕСІ ӨТЕДІ

АТЫРАУДА БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН СПОРТ МЕРЕКЕСІ ӨТЕДІ

19-шы тамыз «Спорт күніне» орай Атырау облысында жекпе-жек түрлерінен «Atyrau Sport Fest 2017» спорт фестивальі өтеді.

Айтулы шара спортың 16 түрі бойынша өтеді: таеквондо, бокс, дзюдо, ММА, жекпе-жек, әскери самбо, каратэ, кикбоксинг, муай-тай, панкратион, грек-рим күресі, джиу-джитсу, самбо, каратэ кикушинкай, еркін күрес.

Атырау облысының спортшылары әлем спортшыларымен сынға түсетін болады. 16 шет мемлекеттен спортшылар келмек: Бразилия, Иран, Морокко, Испания, Тайланд, Түркия, Корея, Бельгия, Польша, ӘЗірбайжан, Грузия, Ресей, Украина және т.б.

19 тамыз күні 18:00-де мұз сарайында өтетін фестивальда Атыраудың ең мықты деген спортшылары сынға түспек. ММА спортынан жергілікті спортшы Исатай Теміров Бразилиялық Фортунато Лапомен күш сынасады. Муай спортынан Ищан Галиев, кикибоксингтен Сәлімгереев Жанәлі, бокстан Амандық Манашев, дзюдодан Асхат Тельманов, жекпе-жектен Ануарбек Батаев секілді Атыраудың бетке ұстар спортшылары сайысады. Таеквондо спорты ерекше өтейін деп тұр. Қазақстан құрамасы мен бес елден келген «әлем» құрамасы командалық сайыста сынға түседі.

Шет ел спортышыларының дені Олимпиада ойындарының қатысушылары, Еуропа чемпиондары, арасында Олимпиада ойындарында өз елінің жалауын ұстап шыққан атақты спортшылар да бар.

Одан бөлек Қазақстан эстрадасының жұлыздары, кішкентай спортшылардың өнері көрсетіліп, лазерлік шоу өтеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …