Басты бет / Бокс / Астана Арландары / «АРЛАНДАРДЫҢ» МАҚСАТЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ

«АРЛАНДАРДЫҢ» МАҚСАТЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ

 

«Астана арландар» бокс клубының менеджері Серік Сәпиев Жартылай кәсіпқой бокс лигасындағы  (WSB) командамыздың жағдайы туралы өз пікірін білдірді.

Жаңа маусымдағы жеребе тарту рәсімі бойынша «Астана арландарымен» бір қатарда «Russian Boxing Team», «Қытай Айдаһарлары» және «Өзбек Жолбарыстары» командалары күш сынасатын болады.

«Жаңа маусымда  АИБА-ның ұйғарымымен 12 команданы географиялвқ орналасуына байланысты үш топқа бөлдік. Өкінішке орай бірнеше құрама бұл жобаға қатысудан баст тартты. Есесіне жаңадан қосылған құрамалар бар. Әзірге жекпе-жектер кестесі мен толық уақыттары белгіленгенін күтудеміз. КЕсте дайын болған бойда жоспарлар құрып, жаңа маусымға дайындығымызды бастаймыз.

Өзбекстан мен Ресей құрамалары өте мықты ежелгі қарсыластар. Былтыр Өзбекстандық құрамамаен бір топта болғанымызда үлкен бәсекелестік көрсеткен болатын. Қытай құрамасы басқаларына қарағанда әлсіз деуге болады. Бірақ бокста кез-келген қарсыласқа дайын болған жөн.

Жаңа маусымға мақсат жалғыз — турнирдің айқын фавориттері ретінде тек қана жеңіске жету», — дейді Серік Сәпиев.

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …