Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / «МҰСТАФА-АСТАНА» КЛУБЫНЫҢ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫ БАӘ-ДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

«МҰСТАФА-АСТАНА» КЛУБЫНЫҢ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫ БАӘ-ДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Біріккен Араб Әмірлігінде таеквондо спортынан  G1 санатындағы «Fujairah Open» Халықаралық додасы мәресіне жетті.

Аға жаттықтырушы Жанбыров Нұрболат пен Жамалов Асқар бастаған «Мұстафа-Астана» клубының спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Түгелбай Жансая Халықаралық турнирде қарсылас шыдатпай чемпион атанды. Шайкенов Айтуар мен Биримжанова Адема финалға дейін жетіп күміс жүлдегер атанса, Аубакарева Жібек қола жүлдегер атанды.

Астана қаласының  «Мұстафа-Астана» клубының таеквондошылары еліміздің алдыңғы қатарлы спортшылары болып табылады.

 

 

Сондай-ақ

ҚАСҚЫРЛАР МАУСЫМДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Қызылордалық «Қайсар» командасы өз алаңында Көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Алғашқы ойында Көкшетаулықтар минималды есеппен- 1:0 есе …