Басты бет / Бокс (бет 4)

Бокс

ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫН ҰТТЫ

Лондон Олимпиадасы чемпионы қазақтың салмағында атой сала алмады. Astana Arlans — Cuba Domadores 5:5 🤔 👊 69 келі салмақ дәрежесінде 23 жасар Асланбек Шымбергенов (11-5), Лондон Олимпиадасы чемпионы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері және Миланда өткен Әлем Чемпионатының жеңімпазы, 28 жасар кубалық Роньель Иглесиасты (20-5) 49-46, 50-45, 49-46 есебімен жеңді.  

толық оқу»

ЗАКИР ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН КЕТКЕН ЕСЕНІ ҚАЙТАРДЫ

Екі жыл бұрын кеткен есені қайтарды, Сафиуллин ұпай алып келді. Astana Arlans — Cuba Domadores 4:5 👊 60 келі дәрежесінде 30 жасар Закир Сафиуллин (9-5), он жеті кездесу жеңіліссіз келе жатырған 26 жасар кубалық Ласаро Альваресті (23-1) 46-47, 47-46, 47-46 есебімен жеңді. Бұл екі боксшы WSB 2015 жылғы финалында жолығып, …

толық оқу»

ҮМІТ ӘЛІ ДЕ ҮЗІЛГЕН ЖОҚ

Үміт әліде үзілген жоқ, Сафиуллин мен Шымбергеновке үлкен үміт артылмақ. Astana Arlans — Cuba Domadores 3:5 👊 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 24 жасар Олжас Бұқаев (2-1), бір жыл рингке көтерілмеген 22 жасар кубалық Йоандри Тоиракты (3-3) 49-45, 48-46, 48-46 есебімен жеңді. Олжастың қарқыны жаман емес, ұрып-ұрып қарсыласының қозғалуын жиілетіп, …

толық оқу»

АРЛАНДАР КАПИТАНЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Арландар капитаны жеңіліп қалды.  Astana Arlans — Cuba Domadores 2:5 👊 52 келі салмақ дәрежесінде 29 жасар Олжас Сәттібаев (10-3), 25 жасар кубалық Йосвани Вейтияға (23-3) 47-48, 46-49, 45-50 есебімен жеңілді. Қазақстанды құжымға енді жеңіліске ұшырамау керек. Кубалықтар толық тізгінді қолына алды.

толық оқу»

КУБАЛЫҚТАР БАСЫМДЫЛЫҚТЫ АРТТЫРА ТҮСТІ

Куба қабыландары капитаны есепті алға шығарды. Astana Arlans — Cuba Domadores 2:4 👊 81 келі салмақ дәрежесінде 26 жасар Арман Рысбек (5-2), үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасы жеңімпазы 27 жасар кубалық Хулио Сесар ла Крустан (21-3) 46-49, 46-49, 45-50 есебімен жеңілді.

толық оқу»

КУБАЛЫҚТАР БАСЫМДЫЛЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ

Әбілхан Аманқұл жарақаты сыр берді ме, Олимпиада чемпионынан айласын асыра алмады. Astana Arlans — Cuba Domadores 2:3 👊 75 келі салмақ дәрежесінде 19 жасар Әбілхан Аманқұл (4-1), Рио Олимпиадасы және Дохада өткен Әлем Чемпионатының жеңімпазы 24 жасар кубалық Арлен Лопезден (16-6) 47-48, 47-47, 47-48 есебімен жеңілді. Қолының жарақаты кедергі болды …

толық оқу»

ДІЛМҰРАТ МИЖИТОВ КУБАЛЫҚТАН АЙЛАСЫН АСЫРА АЛМАДЫ

Ділмұрат Мижитов жеңіліп көрмеген кубалықтан айласын асыра алмады. Astana Arlans — Cuba Domadores 2:2 👊 64 келі салмақ дәрежесінде 21 жасар Ділмұрат Мижитов (3-3), 21 жасар кубалық Энди Круздан (11-0) 47-48, 45-50, 45-50 есебімен жеңіліп қалды. Жеңіліп жатырғанын сезген Ділмұрат қарсыласын нокаутқа түсіруді ойлаған болатын, бірақ қолы да, аяғы да …

толық оқу»

АНТОН ПИНЧУК ҮШІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

Антон Пинчук қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. Astana Arlans — Cuba Domadores 2:1 🙄 👊 91 келі салмақ дәрежесінде 28 жасар Антон Пинчук (3-3), Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және Дохада өткен Әлем Бірінішілігінің финалисті 26 жасар кубалық Эрисланди Савоннан (24-1) 45-50, 46-49, 46-49 есебімен жеңіліп қалды.

толық оқу»

ІЛИЯС СҮЛЕЙМЕНОВ КОМАНДАСЫНА ЕКІНШІ ЖЕҢІСТІ АЛЫП КЕЛДІ

Ілияс Сүлейменов командасына екінші ұпайды сыйлады. Арландардың жеңіске деген сенімі нық. Astana Arlans — Cuba Domadores 2:0 👊 56 келі салмақ дәрежесінде 26 жасар Ілияс Сүлейменов (6-3), 21 жасар кубалық Хавьер Иванезтің (4-3) қорғанысын бұзып, соққыларын дарытып есеңгірете 48-47, 48-47, 48-47 есебімен жеңіп, командасын алға сүйреді.

толық оқу»

ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСТІ АЛЫП КЕЛДІ

Теміртас Жүсіпов финалдық кездесудің бірінші айқасында алғашқы ұпайды алып келді. Astana Arlans — Cuba Domadores 1:0 👊 49 келі салмақ дәрежесінде 29 жасар қазақстандық Теміртас Жүсіпов (10-6), олимпиада жүлдегері 20 жасар кубалық Хоанис Архилагосты (11-6) 48-47 48-47 49-46 есебімен жеңіп, командасына алғашқы ұпайды алып келді.

толық оқу»