Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / БЕЙІМБЕТ ҚАНЖАНОВ ПАРИЖДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

БЕЙІМБЕТ ҚАНЖАНОВ ПАРИЖДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

26-28 мамыр аралығында Франция астанасында «Б» санатындағы «Grand Prix de Paris de Sambo 2017» Халықаралық турнирі өтті.

«Шарли» аренада 17-ші мәрте өткен дәстүрлі турнирде 29 салмақ дәрежесінде жүлдегелер сарапқа салынды. Сайыстар спорттық және жауынгерлік самбо бойынша жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында өтті.

52 келі салмақта бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан самбосының мақтаншысы Бейімбет Қанжанов сынға түсті. Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, Францияда қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдегер атанды.

Сондай-ақ

АРМАН ОСПАНОВ: «ЖАУЫНГЕРЛІК — ҚАНЫМЫЗДА БАР ҚАСИЕТ»

Жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері Арман Оспанов елге оралды. Санкт-Петербургте өткен …