Басты бет / Бокс / ҚҰЛЫБАЕВ ТУРНИРІ — СИРИЯЛЫҚТАР ФИНАЛҒА МҮДІРМЕЙ ӨТТІ

ҚҰЛЫБАЕВ ТУРНИРІ — СИРИЯЛЫҚТАР ФИНАЛҒА МҮДІРМЕЙ ӨТТІ

Атырау қаласында дәстүрге айналған Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған ерлер арасында Бокстан Халықаралық турнир басталды. Биыл турнир Асқар Алтынбекұлының 80-жылдық мерей тойына тұспа-тұс келіп отыр.

Бүгін турнирдің ақтық бәсекелері өтеді. Кеше, 4-ші маусым күні финалға жолдамалар ойнатылды. Барлығынан бұрын Сирия елінің спортшылары өте жақсы нәтиже көрсетіп, келген бес боксшы да финалға өтті.

49 келіде Сириялқ Алмасри Өзбекстандық Абдумуратовтан басым түсті. Алматылық Несіпжан Жандос Атыраулық Мерей Құрманғазыны 3:2 есебімен ұтты.

52 келіде Атыраулық Салауатов Рашид Маңғыстаулық Дүйсенбай Қуанышты 4:1 есебімен ұтты. Осы салмақта Жартылай финалға шыққан Қырғыз боксшысы, 2016 жылғы Азия ұрлығының ең үздік спортшысы Азат Усеналиевті Ақмолалық Асилкулов Оразбек жарыс жолынан шығарды.

56 келіде Ақмолалық Кушегуов Нұрсұлтан мен Алматылық Хамитов Еламан ақтық сынға жолдама алды.

60 келіде ШҚО-лық Ожанов Бекнұр Қырғызстандық Тургумбаев Эржанды жарыс жолынан шығады. Екінші жартылай финалда қос Атыраулық боксшы жолығатын болған соң ақтық сынға жолдама Ордабаев Ержанға берілді.

64 келіде Атыраулық Қазыбек Сапенов пен Алматылық Лехнер Андрей өзара мықтыны анықтайды.

69 келіде Атыраулық Мирас Ниғметов Сириялық Ахмад Госсуннан 5:0 есебімен ұтылып қалды. ОҚО-лық Әлібеков Алмасбек Алматылық Құрамысов Бекболаттан басым түсті.

75 келіде Атыраулық боксшы Амаандық Манашев Қырғызстандыө Шабданбаевты 4:0 есебімен ұтты. Осы салмақтағы тағы бір Қырғызстандық Ахматалиев Илияз Өзбекстандық Асонов Одилжоннан айласын асыра алмады.

81 келіде Ресейлік Илбаев Садам ШҚО-лық Ержанов Тимурды 3:2 есебімен ұтты. Қарағандылық Сағымбаев Наурызбек жарыс қожайыны Мухамбеджановты жарыс жолынан шығады.

91 келіде Азия чемпионатының қола жүлдегері Сириялық Госсун Иллин Атыраулық Габбасов Батырханды оңай ұтты. ОҚО-лық Мұхамеджан Еркін Маңғыстаулық Базарбай Макғжаннан 4:1 есебімен басым түсті.

+91 келіде қос Сирия мемлекетінің боксшысы өзара мықтыны анықтайтын болады.

Айта кету керек, дәстүрге айналған турнир жеңімпазына қомақты сыйақы беріледі. Финалық кездесулер 14:00-де өтеді.

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …