Басты бет / Бокс / АБЫЛАЙХАН ҚҰСАЙЫНОВ «ЖЫЛ НОКАУДЫ» СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ

АБЫЛАЙХАН ҚҰСАЙЫНОВ «ЖЫЛ НОКАУДЫ» СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар канадалық «12 раунд» журналының номинацияларында жеңімпаз атанды. 

«Жыл нокауты» сыйлығын Абылайхан Құсайынов жеңіп алды. 25 жастағы Құсайынов канадалық Родси Винсентпен кездесу өткізіп, үшінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірген болатын.  Бұл қазақстандықтың боксшының кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі еді.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық Батыр Жүкембаев «Жыл жаңалығы» сыйлығын алды.

«Ол соңғы 7 кездесудің  алтауын нокаутпен аяқтаған. Талантты қазақстандықтың 2017 жылы өткізетін жекпе-жектерін асыға күтеміз», — деп жазады аталмыш басылым.

 

Сондай-ақ

ЖАСТАР СЕНІМДІ АҚТАМАДЫ

Финляндияның Тампере қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл …