Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АСТАНАНЫҢ» ТЕҢ ОЙЫНЫ. ҚУАНЫШ АЗ

«АСТАНАНЫҢ» ТЕҢ ОЙЫНЫ. ҚУАНЫШ АЗ

Еуропа лигасы топтық кезеңнің екінші туры тең нәтижемен аяқталғанымен қуаныш әкелмеді.

Елордалық клуб өз алаңында Швейцариялықтарды жеңе алмады.

«Астана Аренада» стадионында өткен тартысты ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Қос команда да стадионға жиналған жанкүйерлерді нәтижелі ойынымен қуанта алмады. Алаң қожайындары жеңіске жақынырақ болғанымен, жеңіске жететін командаға сай ойын көрсете алмады.

Осылайша, «Астана» мен «Янг Бойз» топтық кезеңдегі алғашқы ұпайларына қол жеткізді.

Бір қуантарлығы «Астана» еурокубок ойындарында 10 ойын қатарынан қарсыластарына тізе бүгіп көрмепті. Ең соңғы жеңіліс 2014 жылы 21 тамыз күні «Вильярреал»командасына қарсы ойында орын алды. Ол кезде есеп 0:3 есебімен қонақтар пайдасына шешілген болатын.

Еуропа лигасы. Топтық кезең. 2-ші тур

«Астана» құрамасы: Эрич, Шомко, Аничич, Малый, Бейсебеков, Каньяс, Максимович, Мужиков, Деспотович, Кабананга, Шитов. Қосалқы құрама: Тагыберген, Нусербаев, Нургалиев, Мокин, Логвиненко, Кульбеков, Твумаси.

«Янг Бойз»: Мвого, фон Берген, Бертоне, Сулеймани, Лецякс, Раве, Фрай, Саттер, Нуху, Закария, Кубо.

Сондай-ақ

ТАБЫЛДИЕВ ТУРНИРІ. АТЫРАУ БОЗ КІЛЕМІНІҢ АЛЫБЫ АНЫҚТАЛМАҚ

  Ертең, қазан айының 11-ші жұлдызында Тарих ғылымдарының докторы Табылдиев Хисмет Бозанұлының 80 жас мерейтойына …