Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / АЙТЕНОВ ДӘУРЕН ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

АЙТЕНОВ ДӘУРЕН ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

 

17-19 наурыз  аралығында Грекияның Афина қаласында джиу-джитсудан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күні жеті спортшымыз сынға түсіп, төртеуі жүлдегер атанды.

Неваза бойынша сынға түскен Айтенов Дәурен финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Одан бөлек, Нортаев Дархан, Нұрмұханбетов Жандос және Мухоротов Владислав қола жүлдегер атанды.

Жастар арасындағы әлем чемпионатына 45 елдің өкілдері жиналған. Ертең ұлттық құрамадан 11 спортшы файтинг және неваза түрлері бойынша сынға түседі.

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …