Басты бет / Басқа түрлер / БАКУДЕ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТУДЕ

БАКУДЕ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТУДЕ

 

Әзербайжанның астанасындағы Ұлттық гимнастика аренасында FIG сериясы бойынша спорт гимнастикасынан ерлер мен әйелдер арасында Әлем кубогы өтуде.

Жарысқа 23 елдің спортшылары қатысады. Кәсіптік жарыстар өтеді, кейіннен жеке снарядтар бойынша финалдар болады.

«Қазақстан құрамасынан төрт спортшы ел намысын қорғайды. Дәулет Нарметовке үміт артудамыз. Ол коне-мах жаттығуына қатысады. Нарметов ат жаттығуы бойынша Мәскеуде өткен халықаралық турнирде Михаил Воронин жүлдесін жеңіп алды. Қазіргі таңда ол жақсы күйде. Сондай-ақ, екі жас спортшы — Данил Батурин мен Вячеслав Ким қатысады. Батуриннің біздің ұлттық құрама құрамында өнер көрсетіп жүргеніне бір жылға таяп қалды, жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр. Ким ең жас спортшы, құрамаға ағымдағы жылдың қаңтар айында кірді», — деді спорт гимнастикасы бойынша ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Ерлан Ұзақов.

Сондай-ақ ол атап өткендей, жарыс аяқталғаннан кейін Александр Ким, Нарметов пен Батурин Дохаға (Катар) ұшады. Онда әлем кубогының келесі кезеңі бойынша бақ сынасады.

Бір айта кететіні бұл сайыстарға Ресейлік гимнасттар келмеді. Есесіне басқа елдерден кіл мықтылар келіпті.

Сондай-ақ

АРМАН РЫСБЕК ТӨРТІНШІ ЖЕҢСТІ АЛЫП КЕЛДІ

Арман Рысбек командасына төртінші ұпайды алып келді. «Astana Arlans» — «Patriot Boxing Team» 4:0. 81 …