Басты бет / Басқа түрлер / ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН КОМАНДАЛЫҚ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН КОМАНДАЛЫҚ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

18-23 сәуір аралығында Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты өтті.

Оған еліміздің 8 облысынан тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасып, ұлттық ойынды ұлықтады. Нәтижесінде командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші  – Қызылорда, үшінші орындарды Павлодар облыстарының спортшылары иеленді.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль, кубоктармен марапатталды.

Ұлттық құрама штаттар дирекциясының тоғызқұмалақтан бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаеваның айтуынша, Қазақстан құрамасы  26 сәуір – 2 мамырда Түркияда өтетін халықаралық жарысқа және 5-12 мамырда Бішкекте болатын Орта Азия кубогына қатысады.

Сондай-ақ

БОКСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

2017 жылғы 30 сәуір — 7 мамыр аралығында Өзбекстан астанасында ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты …