Басты бет / Қысқы спорт / ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТПЕКШІ

ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТПЕКШІ

Эдуард Занковец Қазақстанның хоккей құрамасының және астаналық «Барыс» ХК бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.
Қазақстан құрамасының және елордалық «Барыстың» бас тізгінін ұстаған бапкер Эдуард Занковец журналистерге берген сұхбатында арадағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кететінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 47 жастағы Беларусь маманы «Барыс» ХК бас бапкері қызметіне өткен жылы 7 қыркүйекте тағайындалған болатын.
Андрей Назаровтың орнын басқан тәжірибелі бапкердің қол астына өткен астаналық клуб өткен кезеңде Гагарин Кубогының екінші кезеңіне дейін жеткен болатын. 2016 жылдың соңында Занковецке Қазақстан құрамасын да басқару жауапкершілігі жүктелген болатын. Құрама оның басшылығымен әлем чемпионатының бірінші дивизионында Киевте бес матчтың төрттеуінде жеңіске қол жеткізіп, бір рет жеңіліс тапқан болатын.
Занковец таяу арада өз еліне оралып, отбасы шаруаларымен айналысуға бел буып отыр. Қазақстан хоккей федерациясы (ҚХФ) және «Барыс» ХК әзірше бас бапкердің қызметінен кетуіне байланысты ешбір мәліметтер жариялаған жоқ.
Эдуард Занковец бас бапкерлікке 2007 жылы келген. 2007 жылы 21 қаңтарда 31 мамырына дейін Минскінің «Динамо» клубында бас бапкер болды. 2010-2011 жылдары Беларусь хоккей құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. 2011 жылдың 20 желтоқсанында «Авангард» ХК бас бапкерінің көмекшісі ретінде жұмысқа алынды. 2015 жылы 26 наурызда «Авангард» ХК бас бапкері көмекшісі қызметінен кетті.
Хоккейші ретінде ол еңбек жолын 1986 жылы «Динамо-Минск» командасынан бастады. 1986-88 жылдары КСРО чемпионатының бірінші лигасында ойнады. 1988-91 жылдары жоғары лигада өнер көрсетті. 1994-96 жылдары Омскінің «Авангард» сапында ЖХЛ турниріне қатысты. 1996-98 жылдары 2-бундеслигада ойнады. 1998-99 жылдары 1-бундеслигаға ауысып, жақсы нәтижелер көрсетті. 1999-2000 жылдары Солтүстік Америкада өнер көрсетті. Мансабын Ресей чемпионатында «Торпедо» клубында аяқтаған. Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.inform.kz

Сондай-ақ

«Ukraine Open Cup 2017» ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

  Украинаның Харьков қаласында таеквондодан  G-1 «Ukraine Open Cup 2017» турнирі өтуде. Молдава, Украина, Түркия, …