Басты бет / Без рубрики / АСХАТ УӘЛИХАНОВ 26 ҚАРАША КҮНІ ЛОМАЧЕНКО-УОЛТЕРС БОКС КЕШІНДЕ ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

АСХАТ УӘЛИХАНОВ 26 ҚАРАША КҮНІ ЛОМАЧЕНКО-УОЛТЕРС БОКС КЕШІНДЕ ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

Сіздердің назарларыңызға 63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы, «Астана Арландары» клубының бұрынғы мүшесі 25 жасар Асхат Уалихановпен dodasport.kz тілшісінің сұқпатын ұсынамыз.

 — Алдағы кездесуіңіз қашанға жоспараланып жатыр?

— Ломаченко Уолтерес андеркартында 26 қараша күні бокстасып қаламын Алла қаласа

— Роберт Гарсиямен бірге жұмыс жасап жатырсыз ба әлде жаттығуларды өзіңіз жасайсыз ба?

— Ия. Гарсиямен жұмыс жасап жатырмыз

— Ломаченко-Уолтерс бокс кешін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады, бұл жайлы құлағдарсыз ба?

— Ия естіп жатырмын. Бірақ бізді корсетеді ма көрсетпейді ма білмеймін.

— Жалпы жыл соңына дейін неше кездесу жоспарлап отырсыз?

— Әлі белгісіз осы жекпе-жектен кейін белгілі болады

— Сіздің алғашқы кездесуіңіз есепке алынбады ғой?

— Алынды, маған жеңіліс жазылды

— 63,5 салмақ дәрежесіне дейін салмақ қуу қиынға соқпайды ма?

— Әрине, кішкене қиналамыз, мүлдем қиналмаймын демеймін, бірақ қазір салмағым 63,5-те бокстасуға жақсы келіп тұр

— Алдыңғы сұқпаттардың бірінде кейін 66,7 кг салмақ дәрежесіне ауысу туралы айтыпсыз.

— Ия. болашақта Аллах қаласа сол салмақта да бокстасып қалуым мүмкін

— Ал кездесулер арасындағы қалыпты салмағыныз қанша?

— 69 кг шамасында болады

— Кездесуге дейін 63,5-ке қуасыз салмақты, сосын кездесу кезінде бір күн ішінде шамамен қанша салмақ қосасыз?

— 4-5 килограмм қосамын

— Болашақта алғашқы қарсыласыңыз Дэниел Бастиенмен кездесіп, реванш алу ойыңызда бар ма?

— Білмеймін ол туралы ойланбаппым шынымды айтсам. Көреміз кездесуге мүмкіндік болса кездесерміз

— Өз салмағыңызда қай боксшыны мықты деп танисыз. Кроуфордты ма әлде Броунерды ма?

— Кроуфордты

— Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Алдағы кездесуіңізде сәттілік тілеймін!

Сондай-ақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ҮШ ҚОЛА

  Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың үшінші күні Қазақстандық …