Басты бет / Мақала / ҚАЗАҚСТАН ҮСТЕЛ ТЕННИСІН ДАМЫТУДЫ ЖОСПАРЛАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҮСТЕЛ ТЕННИСІН ДАМЫТУДЫ ЖОСПАРЛАЙДЫ

Қазақстан үстел теннис федерациясына ҚасымЖомарт Тоқаевтың келуімен бұл спорт жаңаша леппен дами бастады. Биыл Астанадағы “Тарлан” спорт кешенінде өткен ел чемпионатына көптеген жанкүйерлер келіп, біріншілік телеарнадан көрсетілді. Қазақстан чемпионатының жүлде қоры төрт миллион теңгені құрады. Ел чемпионатына орай Германиядан жаңа жабдықтар алынды. Жаңа жабдықтар алуға жақында бас хатшы болып сайланған Данияр Абулгазиннің ықпалы зор.

 — Үстел музыкалық аспап сияқты. Ол ескі болса жақсы ойнай алмайсың. Енді біздің спортшылар әлемдік стандартқа сай үстелде жаттығып, әлемдік жарыстарға дайын болып барады,дейді ұлттық құраманың бас бапкері Евгений Тимченко.

Биыл федерация Шымкентте, Ақтөбеде, Қарағандыда, Алматыда республикалық турнирлер өткізбек.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы 29 мамырда Германияда басталатын әлем чемпионатына қатысуды жоспарлайды.

Қазақстан үстел теннис федерациясы 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға осы бастан дайындалмақ. 2016 жылы Риода болған олимпиадаға Қазақстаннан Кирилл Герасименко қатысып қайтты.

Сондай-ақ

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ WBC ҮЗДІКТЕРІ ҚАТАРЫНДА

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өздерінің жаңарған рейтингін жариялады. Солардың арасында қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4KO) …