Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / СПОРТ ПЕН МӘДЕНИЕТ, БОЛАШАҚ ПЕН ТАРИХ

СПОРТ ПЕН МӘДЕНИЕТ, БОЛАШАҚ ПЕН ТАРИХ

 

Атырау қаласында бұрын-соңды болмаған Таеквондо додасы өтуде. Жарысты ұйымдастырушылар шет елден келген 27 ел өкілдеріне Қазақтың мәдениетін паш етті.

Атырау қаласы тарихи мұраларға, қызықты жерлерге кенде емес. Соның бірі ретінде Еуропа мен Азияны қақ бөлетін «Жайық» өзені бар екенін айта кету керек. Сайыстар өтіп жатқан спорт кешені дәл осы Жайықтың бойында орналасқан.

Киіз үй, қазандықта бұрқылдап қайнап жатқан ет, алтыбақан, түйе, жылқы. Осы секілді қазақ атымен егіз ұғымдарды шет елден келген қонақтар сайыс өткен жерден тамашалай алды. Атырау облысы таеквондо федерациясының президенті Арман Тугаев жарыс өткізгенде біз шет елдіктерге еліміз туралы жақсы әсер қалдыратындай жұмыс жасауымыз керек дейді.

«Қазақ өзінің бай ұлттық құндылықтарымен мақтана алады. Келер ұрпақ та өткен тарихымен бірге өмір сүруі керек. Шет елдіктер қазақтың киіз үйіне отырып, ұлттық тағамын ішіп тарихына көз жеткізуі керек. Біз ата-бабаларымы қалдырған мұраны шетке танытуға тиістіміз.»

Атыраудағы таеквондо додасы барысында үлкен игі шаралар жалғасуда. Соның бірі ретінде Азия таеквондошылары еккен шағын аллеяны айтуға болады.


 

 

Сондай-ақ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында IV жастар ойындары жалауын көтерді. Екінші жарыс күні 62 келі салмақта ұлдар және 58 …