Басты бет / Бокс / БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕРЕБЕ АНЫҚТАЛДЫ

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕРЕБЕ АНЫҚТАЛДЫ

Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды.

Ертең, біздің жігіттерден жарысты бірінші болып 13*00-ден кейін, күндізгі сессияда Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) бастайды. Қарсыласы — Хир Азми (Малайзия)

Дүйсенбіде, 49 келіде Жомарт Ержан тайпейлік Лин Хонг Дамен жолығады, одан өтсе ширекфиналда Хасанбой Дусматовпен кездесері анық

52 келіде Азамат Исақұлов жарыс жолын тайлық Танес Онгюнтамен бастайды. Бұл топта қырғыз Азат Үсеналиев пен өзбек Жасурбек Латиповтар бар. Азамат екі кездесуде жеңіске жетсе, олармен жартылай финалда жолығуы мүмкін.

56 келі салмақта Қайрат Ералиев шаршы алаңға 1 мамырда көтеріледі. Қарсыласы қырғыз-филиппин жұбының кездесуінен кейін анықталады.

60 келідегі Әділет Құрметовтің қарсыласы Алназирул Осман (Малайзия). Жекпе-жек 2 мамырда өтеді. Бұл салмақтағы мықтылар моңғол Отгондалай мен Шива Тапа (Үндістан) осы топта. Әділет сәйкесінше ширек және жартылай финалда жолығып қалар

2 мамырда Абылайхан Жусупов (69 келі) жапон боксшысымен жолығады. Қытайлық Лиу Вей, үнділік Кумар мен моңғол боксшысы Биамба төменгі топтағы негізгі қарсыластары атанбақ.

75 келіде Абилхан Аманқұл қытайлық пен тайпей боксшыларының жеңгенімен 1 мамырда жұдырықтасады. Жартылай финалда өзбек Мадримовпен кездесуі мүмкін.

81 келіде Ерік Альжановтың финалға дейін емін еркін жетуіне мүмкіндігі бар. Мықтылар өзбек Меликузиев, кәріс Хеиджан Янг жоғарғы топта

91 келінің серкесі Васлий Левит 3 мамырда жарыс жолына шығыды. Қарсыласы Санжар Турсынов (Өзбекстан) — Ким Хионгуй (Оңтүстік Корея) бірі болады

Ең ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 финалда этникалық қазақ Ерболат Төлекпен (Моңғолия) жолығады. Кездесу 2 мамырға жоспарланған.

Сондай-ақ

ИЛЬИН: «КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕ — МЕН»

Қазақ елінің мақтанышы болған Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақстандық ауыр атлетші қыздардың спорттан шеттетілуіне қатысты …