Басты бет / Бокс / ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ

 

Кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген отандасымыз Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды.

QAZAQ-тың бұл жолғы қарсыласы рейтинг бойынша өзінен жоғары тұрған Мексикалық Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez). Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан.

Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде. QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 26 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында өтеді

Сондай-ақ

БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Бразилиялық джиу—джитсудан балалар арасында ArlanGripSelection ашық халықаралық турнир өз мәресіне жетті Кеше Алматыда, «Арлан Грип …