Басты бет / Без рубрики / СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

 

Ресейдің Красноярск қаласында спорттық бағдарлаудан әлем чемпионаты жалауын көтерді.

Сайыстар наурыз айының 7-12 арасына жоспарланған. Әлем біріншілігіне дүние жүзі бойынша ең үздік командалар жиналған.

7 наурыз күні командалық бағдарлау сайысы өтті. 15 команданың ішінен Қазақстан құрамасы 8-ші орыннан көрінді.  Бұл сынға Ольга Новикова мен Аслан Тоқбаев қатысқан болатын.

8 наурыз күні ерлер мен әйелдер спринте бақ сынады. 32 спортшы қатысқан әйелдер арасындағы жарыста Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтижені Ольга Новикова көрсетті — 15 орын. Әсем Назырова 25, Эльмира Молдашева 26, Кәмила Ыбраева 29 орындардан көрінді.

Ерлер арасында Дмитрий Адамович 33-ші орын алды. Сәйкесінше Аслан Тобаев 46, Азат Назыров 47 орындарды қанағат тұтті. Жалпы бұл сынға 55 спортшы қатысқан болатын.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …