Басты бет / Басқа түрлер / ПАРАЛИМПИАДА ТІЛШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТУДЕ

ПАРАЛИМПИАДА ТІЛШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТУДЕ

19-20 қаңтар аралығында Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мақала жазатын тілшілер арасында семинар өтуде.

Ұлттық Паралимпиада Комитетінің бастамасымен өткізіліп отырған шара еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың халыққа танылуын, олардың мәселесі уақытылы қозғалуын көздейді.

Астана қаласы, «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан семинарға еліміздің түкпір-түкіпірінен тілшілер жиналыпты. Мамандар даярлау үшін АҚШ-тан арнайы қонақ, АҚШ Паралимпиада ойындарының спикері, Паралимпиада ойындарының қатысушысы Джон Реджистер келіпті. Одан бөлек елімізге танымал тілшілер мен Олимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина секілді танымал спортшылар жиналған.

Тілшілер тек Паралимпиада туралы жазып қана қоймай, спортшының рөліне еніп көрмек. Олар Паралимпиадшылар секіді жарысқа түсіп, Паралимпиада спортының қыр-сырымен қанық болмақ.

 

 

Сондай-ақ

ФУТБОЛДАН ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫ ТАЛҒАРДА ӨТЕДІ

Қазақстан футбол федерациясының Талғар қаласында (Алматы облысы) орналасқан ұлттық құрамалар базасында 4-8 қыркүйек аралығында футболдан …