Басты бет / Без рубрики / ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАП ТҰР

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАП ТҰР

Пуэрто-Принсеса (Филиппин) қаласында өтіп жатырған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 13 салмақ дәрежесінде боксшылар бақ сынауда. Ертең, финалда 8 қазақ боксшысы жарыс жолына шықпақ.

Жарыстың төртінші күні ширек финалдық кездесулер өтті. 10 боксшымыз шаршы алаңға шығып, оның сегізі жеңіске жетті. Қалған екеуі қола жүлдені қанағат тұтты.

50 келі салмақта Талғат Сырымбетов Филиппин боксшысынан 3:2 есебімен жеңілсе, +80 келіде Арнұр Ахмеджанов Үндістан боксшысына 5:0 есебімен есе жіберді.

70 келіде Ерасыл Жақпеков Жапониялықты, 80 келіде Сағындық Тоғамбай БАӘ боксшысын уақытынан бұрын тізе бүктірді.

48 келіде Махмуд Сабырхан Өзбекстандықты, 52 келіде Бейбарыс Жексен Үндістандықты, 46 келіде Ақылбек Мұхтаров Өзбекстандықты, 54 келіде Айтжан Әшірхан Жапониялықты, 60 келіде Бекзат Ерімбет Өзбекстандықты және 75 келіде Қуандық Мақсұт Үндістандықты ұпай санымен жеңді.

Жартылай финалдың қорытындысы:

48 kg, Makhmud Sabirkhan (South Kazakhstan Region) — Ruslan Abdullaev (Uzbekistan), 5:0

52 kg, Bibars Zheksen (Zhambyl) — Bhavesh Kattimani (India), 5:0

70 kg, Yerassyl Zhakpekov (East Kazakhstan Region) — Rei Nakano (Japan), RSC R1

80 kg, Sagyndyk Togambay (Astana) — Nawaf Alriyami (United Arab Emirates), RSC R1

46 kg, Akilbek Mukhtarov (Astana) — Mukhammadmuso Abdurakhmonov (Uzbekistan), 5:0

50 kg, Vincent Pangga John (Philippines) — Talgat Syrymbetov (Karaganda), 3:2

54 kg, Aitzhan Ashirkhan (Almaty) — Kenshin Yura (Japan), 5:0

60 kg, Bekzat Erimbet (Shymkent) — Sherzod Kodirboev (Uzbekistan), 5:0

75 kg, Kuandyk Maksut (Shymkent) — Vinit (India), 4:1

+80 kg, Satender Singh (India) — Arnur Akhmetzhanov (Zhambyl), 5:0

Финалға келесі елдерден боксшылар саны шықты:

Қазақстан — 8 боксшы
Өзбекстан — 6 боксшы
Жапония — 3 боксшы
Үндістан, Филиппин, Корея — 2 боксшы
Ирак, Қырғызстан, Таиланд — 1 боксшы

Финалдық жұптар:

46 келіде, Ақылбек Мұхтаров (Қазақстан) — Кеннет Дела Пена (Филиппин)

48 келіде, Махмұд Сабырхан (Қазақстан) — Тошия Яно (Жапония)

52 келіде, Асадхужа Муидинходжаев (Өзбекстан) — Бейбарыс Жексен (Қазақстан)

54 келіде, Рахматулло Тошпулатов (Өзбекстан) — Айтжан Әшірхан (Қазақстан)

60 келіде, Рейто Тсутсуми (Жапония) — Бекзат Ерімбет (Қазақстан)

70 келіде, Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) — Салех Салим Сажжад Али (Ирак)

75 келіде, Хьюк Квак Мин (Корея) — Қуандық Мақсұт (Қазақстан)

80 келіде, Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) — Мохит (Үндістан)

Естеріңізге сала кетейік, финалдық кездесулер 7 тамызда өтеді.

 

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий