Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ҚЫСҚЫ «АЗИЯ БАЛАЛАР» ОЙЫНДАРЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ САХАЛИНДЕ ӨТЕДІ

ҚЫСҚЫ «АЗИЯ БАЛАЛАР» ОЙЫНДАРЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ САХАЛИНДЕ ӨТЕДІ

 

 "Азия балалары"

Қысқы Халықаралық «Азия балалары» ойындары тұңғыш рет Сахалинде өткізіледі.

17 қаңтар күні Виталий Мутко  бастаған Ресей Федерациясы спорт мамандары үлкен жиын өткізді. Сахалин облысының губернаторы Антон Зайцев 2018 жылы Азия балаларын ойындарын қысқы спорт түрлері бойынша өткізу туралы ұсыныс тастады. Бұл орынға Ресейдің басқа облыстары да таласқан болатын.

Қысқы Халықаралық «Азия балалары»  ойындарында кішкене спортшылар мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорт-трек, биатлон, шаңғы секілді спорт түрлерінде бақ сынасады.

«Азия балалары»  ойындары Ресей Федерациясының ХОК пен ЮНЕСКО қолдауымен өткізетін жалғыз шарасы. Балалар арасында Олимпиада ойындары секілді үлкен жарыс ұйымдастару бастамасын Ресейліктер қолға алған болатын. Неігізі қозғаушы күш Якутия Республикасы болып табылады. Осы Якутиядан алғаш рет Азия балалары ойындары өткізіліп, ол қазіргі күні Халықаралық дәрежеге жетіп отыр.

Жазғы «Азия балалары»  ойындары 2016 жылы Саха Республикасында өтті. Енді 2020 жылы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін болады. Ал араға төрт жыл салып, 2024 жылы Якутияға қайта оралатын болады. Ойындар 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ЕЛІМІЗДЕ БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН СПОРТ ФЕСТИВАЛЬІ ӨТТІ

19 тамыз спорт күні мерекесіне орай Атырау қаласында 16 спорттың басын біріктірген «Атырау Спорт Фэст …

Добавить комментарий