Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА МІНДЕТТІ ҮМІТКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА МІНДЕТТІ ҮМІТКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегі өтетін бокс кешінде, канадалық Давид Лемье (39-4, 33 KO) мен ирландиялық Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО) өзара кім мықтыны анықтау үшін жұдырықтасады.

Головкин — Канелоға қарсы өткізетін жекпе-жегінде өзінің барлық белбеулерін тігеді. Сондай-ақ, қос боксшы The Ring нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін және WBC президенті жасатқан арнайы белбеуді сарапқа салады.

Осылайша, Лемье мен О’Салливан арасындағы кездесудің жеңімпазы, Головкин — Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен міндетті түрде қолғап түйістіреді.

Головкин мен Канело арасындағы екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Басты жекпе-жек Астана уақыты бойынша шамамен сағат 08:00 мен 08:30 аралығында басталады. Қазақстандық «Qazaqstan» және «QazSport» телеарналары бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.

Сондай-ақ

МЕДЕУДЕ ДӘСТҮРЛІ «БАСПАЛДАҚ» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Қыркүйектің 23-і күні «Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық …