Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ҚАЗАҚ ДЗЮДОСЫНЫҢ ҚОБЫЛАНЫ КІМ? ЖАНКҮЙЕР ПІКІРІ

ҚАЗАҚ ДЗЮДОСЫНЫҢ ҚОБЫЛАНЫ КІМ? ЖАНКҮЙЕР ПІКІРІ

 

Дюздо десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйер Әйгерім Тоқсанбектің пікірін ұсынуды жөн санадық. Жас дзюдошы Дидар Хамзаны дюздоның қобыланына теңепті.

«Арыстан? Жолбарыс? Қабылан? О, Қабылан!

Қабылан — сүтқоректілер арасындағы ең жылдам тіршілік иесі екен. Мұны неге жазып отырмын? Өздеріңіз фотода көріп тұрғандай, жас дзюдошыны осы Қабыланға теңеп отырған түрім ғо 🙂
Фотодағы жас өрен — Didar Khamza. Қабылан сияқты ең жоғарғы жылдамдықпен бәрін жайпап келе жатыр. Осы уақытқа дейін жастарда 66 келіде, ересектерде 73 келіде ел намысын қорғады. 19 жасында Рио Олимпиадасына қатысты. Ол жақта да жаман күрескен жоқ. Қарсыласынан тек бір шидо артық алғаны болмаса, өз басым ұтылды деп есептей алмаймын. 73 келідегі кіл мықтылар қатарында 30 орында жайғасқан Дидар енді салмақ өсіріп, 81 келіде белдеседі. Әрине, жаңа салмаққа ауысқанда рейтингке де жаңадан қосыласың да, нөлден бастайсың. Олимпиададаға қатысқан қазақстандық дзюдошылар арасында Галбадрах Отгонцэцэг екеуі кеше Абу Дабидегі Grand Slam турниріне қатысып келді. Екеуі де жарап тұр! Отго кеше жеңімпаз атанса, Дидар қолаға бір қадам жетпей қалды 🙁
Ммаған Дидардың күресі өте қатты ұнайды. Өз басым Оно Шохейге ұқсатамын. Басының формасы да, күресі де келетін сияқты былай 🙂Татамиде өтттее сабырлы, ұқыпты әрі жылдам! Басқа спортшылардан ерекшелігі соңғы секундқа дейін тұрады. Жұбаныш белдесуінде ұтылып тұрды да, соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды. Ал ееең соңғы күресінде хансоку маке алып қалып, жарыстан шықты 🙁 Дидар неге олай болған себебін білмеймін дейді.
Хотя, жаңа салмақтағы алғашқы жарысы. Үнемі осы салмақта жүргендерді шаң қаптырып кететініне сенімдімін! Өсу бар. Басқалар сияқты мұрын шүйіртіп, кхм деп өзінше боп қалу жоғынан) Бос отырмай, жұртқа ескерту жасап отырайын дегем: Қашыңдар, Дидар келятыр! Егер алдына тұрып тосқауыл болам десеңдер, ұмытпаңдар, ол аямайды 😉
Ал, Дидар, алдағы жарыстарға сәттілік тілеймін! Мен үміт артатын сирек жандардың бірі өзің! Давай, жайпап тасташ бәрін!
Шамалы уақыт өткенде нәтижесіне Отгоның аузы сияқты таңғалыстан ауыздарың ашылып қалатынына сенемін» , -деп жазған өзінің блогында Есіл Еркесі

Сондай-ақ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІ ТУРАЛЫ

Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт …

1 Пікір

  1. Бәрі тамаша, бірақ Қобылан, Қабылан және Қобыланды сөздерін түсініп алсаңыздар!
    Қобыланды — ол батыр
    Қабылан — ол ең жылдам жануар (гепард)
    Қобылан — ? мұндай сөз жоқ. Менің фамилиям Қабланбеков, байыбына барып алмай осы сауаттысымақтар мені түзетпек болады ғой кейде Қобыланбеков немесе Қобыландыбеков деп…