Басты бет / Басқа түрлер / СПОРТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕДАЛЬДАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

СПОРТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕДАЛЬДАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 

Мәдениет және спорт қайраткерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары табысталды

13 желтоқсан, 2016. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінде өткізілген салтанатты жиында мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері марапатталды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары 90-нан астам адамға табысталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жиын қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде Қазақстан Тәуелсіздік күні елдің әрбір азаматының өмірінде маңызды мереке екендігін айтып өтті.

«Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлап жатырмыз – бұл мемлекетіміздің тарихындағы маңызды күн болып қана қоймай, бұл күн тарихи меже де болып табылады. Елбасының сарабдал да көреген саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында бәсекеге қабілетті экономикасы, дамыған инфрақұрылымы және ірі интеллектуалды капиталы бар табысты мемлекетке айналды. Мемлекеттің өркендеуінде өз үлесін оның дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір азаматының маңызы ерекше», — деді министр.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 382 Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаларымен наградталды:

«Парасат» орденімен:

Қанағатов Елсияр Баймұхамедұды — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы

Боранбаев Қайрат Советайұлы — Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті

Елжанов Қуандық Ескермесұлы — «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы ұлттық штаттық командасының мемлекеттік жаттықтырушысы

«Құрмет» орденімен:

Исабек Жақсылық — Ауыр атлетиканы дамыту және әйгілеу федерациясының президенті

Қасқабасов Серік Сейітұлы — «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

Нұртаев Әлібек Нұрбайұлы — Оңтүстік Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Орлов Денис Викторович — тренер по пауэрлифтингу Центра спортивной подготовки для лиц с ограниченными физическими возможностями

Сүлейменов Ерлан Мұратұлы — «Ұлттық Паралимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

Түсіпбеков Жанат Рашидұлы — «Ауыр атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің атқарушы комитетінің мүшесі

«Ерең еңбегі үшін» медалімен:

Ахметов Әнуар Ерланұлы «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүгедектер спортынан (жүзу) нұсқаушы-спортшысы

Бектенова Айгүл Бақытжанқызы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы

Жарасбаев Серік Маратұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

Волоха Анатолий Иванович — «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы

Қасқырбаев Марат Дайырұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 380 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлері – 92 қызметкер, оның ішінде: спорт ардагері – 3

Псарев Вадим Александрович

Тұяқов Амин Елемесұлы

Байшаков Сейілда Икрамұлы — Қазақстанның футбол федерациясының вице-президенті

Винокуров Александр Николаевич — «Astana Pro Team» велокоманданың бас менеджері

Ибрайымов Ермахан Сағиұлы — Бокстан олимпиадалық даярлау орталығының директоры

Уәлиев Қазбек Шәкімұлы — Қазақстан Республикасы Альпинизм федерациясының президенті

Құралов Өтепқали Нысанғалиеұлы — «Қазақстан» дене шынықтыру-спорттық қоғасы Орталық кеңесінің төрағасы, Спорттық ұйымдарының халықаралық конфедерациясының вице-президенті

Мельниченко Юрий Васильевич — «Астана» Президенттің кәсіптік спорт клубының басқарушы директоры

Солдатенков Вениамин Васильевич — «Special Olympics» спорт комитетінің төрағасы

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметкерлері – 12

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Баспасөз қызметі

Сондай-ақ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІ ТУРАЛЫ

Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт …