Басты бет / Басқа түрлер / ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ АШЫЛДЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ АШЫЛДЫ

Оралда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушылар сарайы ашылды.

Кешеннің ашылу рәсіміне облыс әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр мен оның әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновтер, «ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Ренато Мароли қатысты.

Оқушылар сарайында кітапхана, зертхана, көрме және концерт залдары, асхана, жеңіл атлетика залы, мұз айдыны, планетарий, обсерватория, бассейн және басқа орындар бар. Кең залдың бірінде Д.Елеусінов атындағы бокс орталығы орналасқан. Осында олимпиада чемпионы өзінің алғашқы шеберлік сағатын өткізді.

Айта кетейік, өңірдегі жыл ғимараты деуге тұрарлық төрт қабатты оқушылар сарайы «ҚПО б.в.» компаниясы есебінен салынды. Оның құрылысына 3 миллиардтай теңге жұмсалды. Мердігері — «Альтаир» ЖШС. Ғимараттың жалпы алаңы 16 мың шаршы метрден асса, жер аумағы екі гектарға жетеқабыл.

Сондай-ақ

ЖАСТАР СЕНІМДІ АҚТАМАДЫ

Финляндияның Тампере қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл …