Басты бет / Бокс / ЖЕТІ БОКСШЫМЫЗ БОЛГАРИЯДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА

ЖЕТІ БОКСШЫМЫЗ БОЛГАРИЯДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА

Қазақстан жастар құрамасының жеті боксшысы Болгарияда өтіп жатқан Эмил Жечев мемориалының жартылай финалына шықты.

Ширек финалдың 6 сәуір күнгі нәтижелері:

52 келіде, Айбек Досанов — Наби Искандаров (Әзірбайжан), 5:0
56 келіде, Нығметула Молдашев — Орхан Хасанов (Әзірбайжан), 5:0
69 келіде, Ермахан Жақпеков — Атанас Йорданов (Болгария), 5:0

Жартылай финалда кездесетін жұптар:

52 келіде, Айбек Досанов — Максим Зайцев (Ресей)
56 келіде, Нығметула Молдашев — Эдуард Саввин (Ресей)
60 келіде, Саматәлі Толтаев — Сайад Лалаев (Әзірбайжан)
64 келіде, Санатәлі Толтаев — Борислав Велев (Болгария)
69 келіде, Ермахан Жақпеков — Симон Буреми Аугусто (Италия)
75 келіде, Нұрбек Оралбай — Рами Киуан (Болгария)
91 келіден жоғары, Нұрдәулет Ұланұлы — Мухаммад Абдуллаев (Әзірбайжан)

Айта кетейік, Эмил Жечев мемориалы бұл күндері София қаласында өтіп жатыр. Бәсеке 8 сәуір күні мәресіне жетеді.

Сондай-ақ

«АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫ ЖАҢА ШАБАНДОЗБЕН ТОЛЫҚТЫ

Әлемдік деңгейдегі  «Астана» велокомандасы Испаниялық велошабандоз Омар Фраилемен 2018-2019 жылғы маусым аралығына келісім шартқа отырды. …