Басты бет / Басқа түрлер / «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ — 2017» ҚАТЫСУШЫЛАР ТІЗІМІ ШЫҚТЫ

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ — 2017» ҚАТЫСУШЫЛАР ТІЗІМІ ШЫҚТЫ

2017 жылғы «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар іріктелді. Жарысқа іріктеу 1 сәуір күні басталған болатын. Биылғы «Қазақстан барысының» шешуші кезеңіне шыққан барлық балуандар белгілі болды. 
«Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу жарыстары аяқталып, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан жеңімпаз атанып, 34 балуан шешуші кезеңге жолдама алды.

Жарысқа іріктеу 1 сәуір күні басталған болатын. Алдымен ауылдық, аудандық, одан кейін облыстық белдесулер өтті. Төртінші финалдық кезеңіне жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар балуандар шықты. Олай болса таныс бола отырыңыздар:

1.Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)
2. Абай Ерболұлы (Жамбыл облысы)
3. Дарxан Бижанов (Астана)
4. Мұрат Кентонов (Астана)
5. Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы)
6. Асыл Барменов (Қарағанды облысы)
7. Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы)
8. Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы)
9. Әділет Нұрпеисов (Павлодар облысы)
10. Самир Мамедов (Павлодар облысы)
11. Айбек Нұғымаров (Шығыс Қазақстан облысы)
12. Мұxит Тұрсынов (Шығыс Қазақстан облысы)
13. Ерлан Омаров (Қостанай облысы)
14. Абылайxан Қасымxан (Қостанай облысы)
15. Ерназар Хамзин (Батыс Қазақстан облысы)
16. Темірлан Көлбай (Батыс Қазақстан облысы)
17. Бекбол Нұрланұлы (Ақмола облысы)
18. Дәулет Әшірxанов (Ақмола облысы)
19. Кенжебек Күзембаев (Атырау облысы)
20. Арман Қалиев (Атырау облысы)
21. Александр Касачев (Алматы облысы)
22. Ұлан Рысқұл (Алматы облысы)
23. Еламан Ерғалиев («Әскер Барысы — 2017» турнирінің жеңімпазы)
24. Олжас Шынкеев («Әскер Барысы — 2017» турнирінде 2-орын)
25. Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе облысы)
26. Нұрбек Досмағанбетов (Ақтөбе облысы)
27. Руслан Әбдіразақов (Алматы қаласы)
28. Дәурен Нұралинов (Алматы қаласы)
29. Алтынбек Аусағитов (Солтүстік Қазақстан облысы)
30. Ғизат Қалықов (Солтүстік Қазақстан облысы)
31. Әділжан Ыстыбаев (ОҚО)
32. Жолдасбек Бектұрсынов (ОҚО)
33. Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)
34. Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау облысы)

Биыл финалдық кездесулер «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады.

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Бейбіт Ыстыбаев (2012, 2015, 2016) үш рет жеңіске жеткен алғашқы балуан. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл (2011), Айбек Нұғымаров (2013) және Мұхит Тұрсыновтар (2014) бір-бір рет жеңімпаз атанды

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …