Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / ДЕНИС УЛАНОВ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ДЕНИС УЛАНОВ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Қазақстандық ауыратлет Денис Уланов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада-2016 ойындарының қола медалін алады.

Бұл туралы Риодағы Олимпиада ойындарына арналған Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) журналында жарияланған.

Жарыс қорытындысы бойынша 85 келі салмақ дәрежесіне дейін Уланов үшінші орынға ие болғаны көрсетілген, себебі румын Габриэль Синкраянның жеңісін жоққа шығарған.

Румын БАҚ-тарының мәліметінше, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алған зілтемірші Габриэль Синкраянның қанында тыйым салынған заттар бар болып шыққан. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы бұл туралы ресми мәлімдеген жоқ. Алайда Сикраянның Олимпиададағы нәтижесі жойылады деп күтіліп отыр екен. Осылай болған жағдайда медаль қазақстандық Улановқа өтеді.

Айта кетейік, Уланов пен Синкраян Рио Олимпиадасында бірдей көрсеткіш көрсеткен — 390 келі. Алайда румын спортшысы қазақстандықтан жеңіл болып, қанжығасына Олимпиада медалін байлаған еді.

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …