Басты бет / Бокс / БОБЫРЖАН МОМЫНОВТЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ

БОБЫРЖАН МОМЫНОВТЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ

Моминов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

14-ші қаңтар күні АҚШ-тағы Макон қаласында 25 жастағы қазақстандық  боксшы Бобыржан Момынов кәсіпқой рингтегі екінші кездесуін өткізбек.

4 раундтық жекпе-жекте Момынов жергілікті боксшы Стефан Басспен (1-4) жұдырықтасады. Кездесу орта салмақ дәрежесінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейін, 19-шы қараша күні  Флоридада (АҚШ) Моминов америкалық Эндрю Липтонды алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бобыржан Момыновтың менеджері Фархад Шарипов. Фархад көптеген Азия мемлекеттерінен шыққан боксшыларға демеуші болып жүр.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …