Басты бет / Қысқы спорт / АЛМАТЫДА МЕРЕКЕ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫДА МЕРЕКЕ БАСТАЛДЫ

Алматыдағы қысқы Универсиаданы хоккей матчы ашып берді. Алғашқы ойында Словакия британиялықтарды тас-талқан етті.

Словактар қарсыласының қақпасына жауапсыз тоғыз шайба тоғыта алды. Иван Якубик хет-трик жасаса, Эдмунд Пьячка мен Томаш Хлуч дубль авторы атанды. Сондай-ақ, Пичнарчик пен Лойдл бір реттен қанжығаларын майлады.

Айта кетейік, бұл құрамалар АҚШ және Канадамен бір топта ойнайды.

Словакия – Ұлыбритания 9:0 (3:0, 2:0, 4:0)

 

Сондай-ақ

ЖАСТАР СЕНІМДІ АҚТАМАДЫ

Финляндияның Тампере қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл …