Басты бет / Бокс / МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ КЕЗДЕСУІНЕ ТОҒЫЗ КҮН ҚАЛДЫ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ КЕЗДЕСУІНЕ ТОҒЫЗ КҮН ҚАЛДЫ

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 19 қараша күні өткізеді. Отандасымыз жанкүйер қауым асыға күткен Сергей  Ковалев пен Андре Уорд арасындағы жекпе-жектің андеркартында бірінші болып шаршы алаңға шығады.

Әуесқой бокспен қатар «Astana Arlans» сапында ел намысын қорғап жүрген боксшымыз кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуінде америкалық Монреко Голдстонмен (5-0-1, 3КО) жұдырықтасады. 26 жасар америкалық боксшы алғаш рет 2013 жылдың 13 мамыр күні кәсіпқой рингке көтерілген кезден бастап, 158 бен 171 фунт салмақтары арасында кездесулер өткізген. Соңғы рет Роберт Суинимен (3-3-0) жекпе-жек өткізіп, 57-57; 56-58; 57-57 есебімен тең түскен.

Қазақстандық боксшының «вконтакте» желісіндегі парақшасының хабарлауы бойынша, Мейірім Нұрсұлтанов пенМонреко Голдстон арасындағы жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған. Боксшылар 160 фунт (72,6 келі) салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.

 

 — Кездесуге дайындық бірқалыпты өтуде. Әзірге ешқандай қорқыныш жоқ. Тек жеңіске жетуді ойлаймын. Отандастарым, достарыммен бірге тыңғылықты дайындық үстіндеміз. Не боларын уақыт көрсетеді. Бастысы жеңіске жету, үмітті ақтау. Күніне екі мезгіл дайындаламыз. Кездесу жақындаған сайын жаттығу да күшейе түсуде. Жақсы жаңалық күтіңіздер, — дейді Нұрсұлтан.

Сондай-ақ

ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

  Қараша айының 17-26 аралығында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін …