Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ТҰЛПАРЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ТҰЛПАРЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Мамырдың 9-ы мен қазанның 15-і аралығында алматылық ипподромда демалыс күндері сынақ мақсатында іріктелген асыл тұқымды жылқылар арасында жарыстар өтуде. Осы жексенбіде, маусымның 25-і күні, 1200, 1600, 1600 және 2400 метр қашықтықта бәйге жарыстарында жүйріктер анықталмақ.

Жарыстарға ресми түрде расталған шығу тегі және тиісті сәйкестендіру құжаттары (жылқының паспорты), сондай-ақ атшабар мен жаттықтырушылардың тиісті біліктілігі туралы құжаты, белгіленген үлгідегі медициналық анықтамасы және бір жылға сақтандыру полисі бар жылқылар қатыса алады.

Ең басты шарттардың бірі, жылқының төрешілермен анықталған ағымдағы маусым рейтингі мен «Қазақстандық бәйге түрлері қоғамының» мүшелігі.

Бұл спорттық шараның ұйымдастырушылары: Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен РОО «Қазақстандық бәйге түрлері қоғамы».

Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен, өзге мемлекет ипподромдарынан келген жылқылар дәстүрлі маусым сыйлықтары ойнатылатын лотереяға қатысу үшін келесі: «Қазақстандық Дерби жүлдесіне», «ОКС үлкен жүлдесіне» және «Елбасы жүлдесіне» арналған саралаудан өтулері тиіс.

Қатысудың басты міндетері:

Қазақстандық Дерби – Анилина жүлдесі (2 топ)

Қазақстандық ОКС — саралау (3 топ)

ҚР Президентінің жүлдесі – Чемпиондар Кубогы (1 топ)

Жайшабыстың жеңімпаздары, I, II, III топтар; листед және гандикапы стартеры, санаттары бойынша спортшыларға ұйымдастырушылар атынан ақшалай сыйлықтар табысталады.

Айта кетсек, щараның басты мақсаты жайшабысты ел арасында таныту, салауатты өмір салтын насихаттау, текті жылқыларды сынау, белсенді ат спортына қала тұрғындарын қызықтыру және үздік шабандозды, бапкерді және жылқыны анықтау, сонымен қатар, алматылық ипподромды елге таныту.

Өткізу орны: Алматылық ипподром, Омарова 10а көшесі

Өткізу мерзімі: 9 мамыр мен 15 қазан аралығы

Назарларыңызға Алматылық ипподромда 9 мамыр мен 15 қазан аралығында өтетін бәйгелер кестесін ұсынамыз.

25.06.2017

  1. «Қазақстандық 2000 Гиней» жүлдесі (I топ) 3 жасар жылқы, 1600 м қашықтық
  2. «Қазақстандық 2000 Гиней» жүлдесі (I топ) 3 жасар бие, 1600 м қашықтық
  3. «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы» жүлдесі (II топ) 4 жасар жылқы, 2400 м қашықтық
  4. «Летний» жүлдесі (II топ) 2 жасар жылқы, 1200 м қашықтық
  5. «Семиречья» жүлдесі (II топ) 2 жасар бие, 1200 м қашықтық
  6. «ОКС» (III топ) 3 жасар бие, 2000 м қашықтық

09.07.2017

  1. «Болашак» жүлдесі (III топ) 2 жасар жылқы, 1400 м қашықтық
  2. «Қазақстандық ОКС» (I топ) 3 жасар бие, 2400м қашықтық
  3. «Анилина» жүлдесі (II топ) 3 жасар жылқы, 2000 м қашықтық
  4. «Элита» жүлдесі (I топ) 4 жасар және жоғары жылқы, 2400 м қашықтық
  5. «Золотая Миля» ж.лдесі (III топ) 3 жасар және жоғары жылқы , 1600 м қашықтық

23.07.2017

  1. «Листед» жүлдесі 2 жасар жылқы, 1400 м қашықтық
  2. Саралау (III топ) 3 жасар жылқы, 2000 м қашықтық
  3. «Большой Спринтерский» жүлдесі (II топ) 3 жасар және жоғары жылқы, 1200 м қашақтық
  4. «Листед» жүлдесі 4 жасар және доғары жылқы, 2000 м

06.08.2017

  1. «Фаворит» жүлдесі (I топ) 2 жасар жылқы, 1600 м
  2. «Қазақстандақ Дерби» (I топ) 3 жас, 2400м
  3. «Алматы» қаласына арналған жүлде (II топ) 3 жас, 2400 м
  4. «Алматылық ипподром» жүлдесі (III топ) 3 жас, 2400 м
  5. «Алматы қаласының әкімдігі» жүлдесі (I топ) 4 жас, 3200 м
  6. «Алматылық Миля» жүлдесі (II топ) 3 жас және жоғары, 1600 м

27.08.2017

  1. «Чемпиондар Кубогы» жүлдесі (I топ) 3 жас және жоғары, 2400 м
  2. «Қазақстандық Миля» (I топ) 3 жас және жоғары, 1600 м

17.09.2017

  1. «Критериум» жүлдесі (I топ) 2 жас және жоғары, 1000м
  2. «ҚР президенті» жүлдесі (I топ) 3-х жас және жоғары, 2400 м
  3. «Мисс Казахстана» жүлдесі (I топ) 3 жасар және жоғары бие, 2400 м
  4. «Алматы қаласының әкіміне» арналған жүлде (II топ) 3 жасар және жоғары жылқы, 2400 м
  5. «Кубок Майлеров» жүлдесі (I топ) 3 жас және жоғары, 1600 м

01.10.2017

  1. «Қазақстандық Сент Леджер» жүлдесі (I топ) 3 жас, 2800 м
  2. «Спик Слоули» жүлдесі (III топ) 3 жасар бие, 1800 м
  3. «ҚР ұлттар достығы» жүлдесі (II топ) 4 жас және жоғары, 4000 м

 

15.10.2017

  1. «Осенний» жүлдесі (I топ) 2 жасар жылқы, 1600 м
  2. «Осенний» жүлдесі (II топ) 2 жасар бие, 1600 м
  3. «Бәйге маусымының жабылуы» (III топ) 3 жас, 3000 м
  4. «Қоштасу» (III топ) 4 жас және жоғары, 3200 м

Қосымша ақпарат: 8 701 907 12 22

 

 

Сондай-ақ

ТАҒЫ БІР ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫ АҚШ-ҚА АТТАНДЫ

Қазақстандық тағы бір жас боксшы Мұса Тұрсынғалиев кәсіпқой бокста бағын сынау үшін АҚШ-қа аттанды. Мұса …