Басты бет / Басқа түрлер / «ҚАЗАНАТТАН» ҰЛТТЫҚ СПОРТ БӘСЕКЕСІ ҮЗІЛМЕЙДІ

«ҚАЗАНАТТАН» ҰЛТТЫҚ СПОРТ БӘСЕКЕСІ ҮЗІЛМЕЙДІ

Алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясында ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдік бәсекелер аз емес. Атап айтқанда, жанкүйер қауым «Қазанат» атшабарынан Жамбы атудан «Алтын жебе» І халықаралық турнирі, Аударыспақтан І Әлем кубогы, Көкпардан І Әлем чемпионатын  тамашалайды.

Ұлттық спорт түрлерінен мұндай халықаралық жарыстардың біздің елде жиі ұйымдастырылуы бұрын-соңды болмағаны анық. Жуырда бәйге түрлерінен Елбасы жүлдесіне арналған «ЭКСПО» кубогы өткенде қалың көрермен «Қазанат» атшабарын лық толтырды. Сегіз елдің сәйгүлігі бақ сынаған ат жарысының қызығы әлі сейіле қойған жоқ.

Енді ең таяу тұрған бәсеке – 11-13 тамызда өтетін   Жамбы атудан «Алтын жебе» І халықаралық турнирі. Одан соң 16-18 тамызда Аударыспақтан І Әлем кубогы ту көтереді. Ал, тамыздың 20-28  күндері Көкпардан тұңғыш ұйымдастырылған Әлем чемпионаты өтеді. Бұл халықаралық бәсекелерге қатысуға қазірдің өзінде он екі мемлекет спортшыларының өтінімі келіп түсті. Арысы Америка, Аргентина, Венгрия, Түркия, берісі Қытай, Ресей, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан  сияқты елдердің көкпаршылары, аударыспақшылары мен жамбы атушы мергендері бақ сынайтын бұл жарыстарда да айта жүрер қызықтың аз болмайтыны белгілі. Ұлттық спорттан тұңғыш ұйымдастырылған аталмыш додалардың алғашқы жеңімпаздары кімдер болмақ? Оны бұйыртса,  тамыз айының ішінде білетін  боламыз.

Жадыңызда жүрсін, тамыз айына дейін де «Қазанат» атшабарынан ұлттық спорттың бәсекесі үзілмейді. Егер мына жарыс кестесін жаныңызда ұстасаңыз   «Қазанат» атшабарындағы қалың жанкүйердің қатарына дер кезінде қосыласыз.

                 Сонымен, «Қазанат» атшабарында облыстық ұлттық спорт түрлері командалары маусым мен қыркүйек айларының мына күндерінде көкпардан, жамбы атудан, теңге ілуден, аударыспақтан спорт жарыстарын ұйымдастырады.

              24-25 маусымда – Ұлттық спорт түрлерінен Ақмола облысы командаларының жарыстары;

              29-30 маусымда – Көкпардан «ЭКСПО» Кубогы мен Ұлттық спорт түрлерінен Ақтөбе облысы командаларының жарыстары;

14-15 шілдеде – Ұлттық спорт түрлерінен Алматы облысы командаларының жарыстары;

              19-20 шілдеде – Ұлттық спорт түрлерінен Атырау облысы командаларының жарыстары;

             22-23 шілдеде – Ұлттық спорт түрлерінен Шығыс Қазақстан облысы командаларының жарыстары;

             29-30 шілдеде – Ұлттық спорт түрлерінен Жамбыл облысы командаларының жарыстары;

              3-4 тамызда – Ұлттық спорт түрлерінен Батыс Қазақстан облысы командаларының жарыстары;

             5-6 тамызда – Ұлттық спорт түрлерінен Қостанай облысы командаларының жарыстары;

              12-13 тамызда – Ұлттық спорт түрлерінен Қызылорда облысы командаларының жарыстары;

              17-18 тамызда – Ұлттық спорт түрлерінен Маңғыстау облысы командаларының жарыстары;

              19-20 тамызда – Ұлттық спорт түрлерінен Павлодар облысы командаларының жарыстары;

              26-27 тамызда – Ұлттық спорт түрлерінен Солтүстік Қазақстан облысы командаларының жарыстары;

              2-3 қыркүйекте – Ұлттық спорт түрлерінен Оңтүстік Қазақстан облысы командаларының жарыстары;

              8-9 қыркүйекте – Ұлттық спорт түрлерінен Қарағанды облысы командаларының жарыстары өтеді.

Ұлттық спорттың тамашасынан қапы қалмаңыз, ағайын!

ulttyqsport.kz

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ГОЛЬФТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА АШЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Тамыздың 23-і мен 24-і күндері «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 5-17 жастар аралығындағы балалар арасында …