Басты бет / Кәсіпқой бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ ҚАРСЫЛАН НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ ҚАРСЫЛАН НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

Отандасымыз Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақта өткен кездесуде мексикалық қарсыласы Хосе Эмилио Переаны 64-ші секундта нокаутпен жеңді.

Монреальда өткен бокс кешінде басты кездесу Ив Юлисс (14-0, 9 КО) пен Стив Кладжет (25-4-1, 17 КО) арасында өткен еді. Ал, бұл бокс кешінің андеркардында қарсыласын нокаутқа түсірген отандасымыз, өзінің кәсіпқой бокстағы 10 жекпе-жегіндегі 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның тоғызын нокаутпен жеңген. Мексикалық болса мансабында тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ал жеңіс саны — 24 (15 KO).

Осы кештің андеркартында тағы Қазақстандық Нұрзат Сабыров мексикалық Марио Баэсаны жеңген еді.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …