Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АСТАНА» СЫРТ АЛАҢДА 3 ҰПАЙ ЕНШІЛЕДІ

«АСТАНА» СЫРТ АЛАҢДА 3 ҰПАЙ ЕНШІЛЕДІ

Елордалық «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы аясында өткізілген кездесуде тель-авивтік «Маккабиге» қонаққа барып 3 ұпай еншілеп келді.

Ойын өте тартысты өтті. Екі команда да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Ойынның 58-минутында Абзал Бейсебековтың қапталдан берген пасын сәтті пайдаланған Патрик Твумаси есепті ашты. Африкалықтың соққан жалғыз голы матчтың нүктесін қойып, «Астана» командасы қонақта (0:1) есебімен жеңіске жетті. 3 ұпайды еншілеген «Астаналықтар», А тобында 7 ұпаймен 2 орынға жайғасты.

Еске сала кетсек, елордалық клубтың Еуропа Лигасындағы келесі ойыны 23 қарашада өтеді. Астана-аренада азулы қарсылас  «Вильярреалды» қабылдайды.

Суреттер ФК Астана сайтынан алынды.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …