Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АСТАНА» ӨЗ АЛАҢЫНДА «ҚАЙРАТТАН» ҰТЫЛДЫ

«АСТАНА» ӨЗ АЛАҢЫНДА «ҚАЙРАТТАН» ҰТЫЛДЫ

Қазақстан премьер-лигасының 32-ші кезеңінде, чемпиондық атақ үшін шешуші ойында «Астана» «Қайраттан» ұтылды.

Бұл ойында елордалық команда тең түссе де, чемпиондық атақты иеленер еді. Ал, алматылық команда үшін тек жеңіс қажет болды.

Қос команда арасындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Екінші таймда «Қайраттың» қарқыны арта түсті. 71-ші минутта бұрыштамадан асырылған допқа Айбол Әбікен бірінші жетіп, 21 жастағы қорғаушы премьер-лигадағы алғашқы голын соқты.

Ойынның 89-шы минутында Жерар Гоу ойындағы екінші голды соғып, «Қайратқа» сенімді жеңіс сыйлады.

Осылайша, алматылық «Қайрат» чемпиондық таласты бір турға шегерді. Кімнің чемпион атанатыны алдағы «Астана» — «Ақжайық» ойынынан кейін белгілі болады.

«Астана» 0:2 «Қайрат»

Голдар: Әбікен 71′, Гоу 88′.

«Астана»: Ненад Эрич, Шомко, Логвиненко, Аничич, Шитов, Бейсебеков, Маевский, Мужиков, Твумаси, Муртазаев, Кабананга.

«Қайрат»: Покатилов, Парагульгов, Исаэль, Аршавин, Гоу, Арзо, Элек, Бато, Суюмбаев, Куат, Лунин.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …