Басты бет / Қысқы спорт / Коньки / КОНЬКИ СПОРТЫНАН АЛҒАШҚЫ БӘСЕКЕЛЕР ӨТТІ

КОНЬКИ СПОРТЫНАН АЛҒАШҚЫ БӘСЕКЕЛЕР ӨТТІ

 

Федор Мезенцев

Ресейдің Челябинск облысында «Челябинск ашық  біріншілігі» өтті.

25-26 тамыз аралығында өткен жаңа маусымдағы алғашқы сайыстарының біріне Алматы облысының спортшылары қатысты. Құрама мүшелері үшін жаңа маусым жақсы нәтижемен басталды.

Жастар арасында Мухамадеев Анвар 500 метрлік қашықтықта қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, Анвар жыл басында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ерлер арасындағы марафон сайыстарында жерлесіміз Мезенцев Федор күміс медаль еншіледі.

«Челябинск ашық  біріншілігі» коньки спортындағы деңгейі жоғары турнирлердің бірі. Оған 100 астам спорт шеберлері қатысып отыр.

Сондай-ақ

«ТУР ДЕ СКИ» — ПОЛТОРАНИН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Швейцарияның  Ленцерхайде қаласында шаңғы спортынан атақты «Тур де Ски» көпкүндігі өтуде. 15 км-лік классикалық жарыста …

Добавить комментарий