Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИННІҢ КАНЕЛОМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ҮШІН ЖАТТЫҒУЫ БАРЫСЫНЫҢ ВИДЕОСЫ ШЫҚТЫ

ГОЛОВКИННІҢ КАНЕЛОМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ҮШІН ЖАТТЫҒУЫ БАРЫСЫНЫҢ ВИДЕОСЫ ШЫҚТЫ

Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO чемпиондық белбеулерінің иегері отандасымыз Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегі алдында жаттығуының видеосы шықты.

Youtube-тегі Behind The Gloves арнасы, Головкиннің Калифорнияда орналасқан «Big Bear Summit» лагеріндегі жаттығуының видеосын жариялады.

Естеріңізде болса, Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген еді.

Екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні дәл сол Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтеді.

Сондай-ақ

ДЖАКАРТАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ РЕСМИ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді деп хабарлайды Olympic.kz. Еліміздің …