Басты бет / Tukeshov Team / 3 ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫ МӘСКЕУДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

3 ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫ МӘСКЕУДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

17 маусым күні Ресей астанасы Мәскеуде өтетін кәсіпқой бокс кеші аясында 3 қазақ боксшысы өнер көрсетеді.

Танымал әнші Ибрагим Ескендір (2-0, 2КО) жергілікті боксшы Дмитрий Антиповқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді (76,2 келі).

«Адай» лақап атымен танылған жаңаөзендік спортшы Уәлихан Бисенқұлов (4-0, 4КО) бірінші ауыр салмақта (90,7 келі) 27 жасар франциялық былғары қолғап шебері Меконго Родригеспен жұдырықтасады.

Бірінші ауыр салмақта (90,7 келі) өнер көрсететін отандасымыз Еділ Қожамбердиев Камерун елінің өкілі Кристиан Салманкпен рейтингілі кездесу өткізеді.

Атап өткен жөн, аталған 3 боксшы Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясының атынан шығып жүр.

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …