Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018. «А» ТОБЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018. «А» ТОБЫ

«А» тобы
«Сауд Арабия»
Әлем чемпионатына арабтар бірінші рет қатысып жатырған жоқ. Әлем біріншілігіне «Сауд Арабия» құрама командасы 4 мәрте қатысқан. Соңғы рет 2006 жылы Германияда өткен ала доп аламанында доп тепкен. Әлем чемпионатына Азия құрлығындағы іріктеу кезінде «В» тобында өнер көрсеткен арабтар, 2 орынмен Ресейге жолдама алды. Тек, Жапонияға есе жіберген мұсылмандар 10 ойында 19 ұпай еншіледі. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен «Сауд Арабиясының» бапкерлік тұсында шикіліктері бар. Берт Ван Марейктің келісім шарты бойынша келісе алмаған арабтар орнына, Эдгардо Баусаны тағайындады. Бірақ, 2 ай өткен соң аргентиналық бапкерде өз орнын босатты. Чили құрамасындағы жұмысынан дүйім жұрт танитын Хуан Антонио Пицци бұл мәселеге нүкте қойды. Бұл дегеніміз 3 түрлі бапкердің философиясын бойына сіңірген ойыншылар мен жаңа бапкердің арасында түсініспеушілік орын алады деген сөз. Одан басқа, соңғы 2 жолдастық кездесуде жеңіске жетпеген «Сауд Арабиясы» (1-1 Украина), (0-4Бельгия) менің болжамым бойынша «А» тобындағы 4 орынды місе тұтуы тиіс.

Картинки по запросу сауд аравия футбол

«Ресей»
Биылғы чемпионат Ресей жерінде өтіп жатырса да, «Ресей» футбол құрама командасы өз тобында үлкен қиындықтарға кездесетіні сөзсіз. Бұған басты себеп, құрама лидерлерінің жарақат алуы мен әлем біріншілігіне дайын болмауы. Ресей қорғанысындағы басты ойыншылар Джикия мен Васиннің жарақатынан басқа, креативті шабуылшы Кокорин құрамасына көмектесе алмайды. Ал, алдыңғы маусымның үздік ойыншыларының бірі Дмитрий Комбаров ала доп аламанына дайын емес. Өйткені, ағымдағы жылда жанкүйерлер көңілінен шығардай ойын көрсетпеді. Тағы айта кететін нәрсе, құрамаға мәжбүрлі түрде 38 жастағы қорғаушы Сергей Игнашевич шақырту алды. Бұл дегеніміз жылдамдығы желдің өтімен бірдей Салах пен шеберлігі шыңдалған Суарестер үшін Ресей қақпасынан саңылау табуға таптырмас мүмкіндік. Команданың соңғы ойындарына көз жүгіртсек жүрегіңді ұстап ауыр күрсінуге болады. Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов ойын стильімен әлі анықтала алмады. Соңғы 8 ойында бірде бір жеңіске жетпеген Ресей құрама командасы өз тобында 3 орынға табан тірейді деген ойдамын.

«Египет»
Мохамед Салах бастаған Египет құрамасының жігіттері бұл әлем чемпионатының басты сенсацияларының біріне айналуы мүмкін. Ливерпуль сапында жасындай жарқылдаған Салахтан басқа, әлемдік деңгейдегі футбол жұлдыздары доп тебетін Египет құрама командасы әлем чемпионатында таң қалдыруы ғажап емес. Бірақ, Чемпиондар Лигасының финалында жарақат алған команда лидері әлем біріншілігіне толықтай дайын болмауы да мүмкін. Алайда, Салахтан басқа да өз мойнына құраманың жүгін артып, шашбауын көтеретін ойыншылар жетерлік. Ағылшындық «Арсенал» футбол командасының жартылай қорғаушысы Мохамед Эль-Ненни, «Сток Сити» вингері Ромадан Сабхи, «Вест Бромвичтің» тасқамал қорғаушысы Ахмед Хегази, адуынды шабуылшы Ахмед Хасан секілді ойыншыларға сенім арта алады. Бұдан басқа, Египет құрама командасының осындай үлкен белеске шығуының басты себепкері әрине, бас бапкер Эктор Купер. Осындай керемет бапкері мен ойыншылары бар Египет «А» тобында 2 орынды илеленеді.

«Уругвай»
Іріктеу кезеңінде сыннан сүрінбей өткен «Уругвай» құрама командасы Ресейде болатын әлем чемпионатына Бразилиядан кейін, 2 орынмен жолдама алды. Команданың жақсы ойын өрнегін көрсетуінің бір құпиясы бас бапкер Оскар Табарес. Уругвай құрама командасын 12 жыл тізгіндеген бапкер ойыншыларының мықты әрі әлсіз тұстарын жете біледі. Уругвайдың «А» тобында басты фаворит саналуының бір себебі құрамында Эдинсон Кавани мен Луис Суарестің болуы. Бұл дуэтті таныстырмасам да, футбол жанкүйерлері жақсы біледі. Тағы қоса кететін нәрсе, топтағы ең тәжірбиелі әрі ұжымы мықты осы Уругвай құрама командасы. Соңғы әлем біріншіліктерде Оңтүстік Америкадан келген құраманың қақпасын абыроймен қорғап жүрген Муслера, тәжірбиелі Диего Годин мен Хименес, жартылай қорғаныста жаста болса бас болып жүрген Весина мен Лукас Торейралар Уругвай құрама командасы «А» тобынан бірінші орынмен шығатынына кепілдік береді.

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …