Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ДЖАКАРТАДАҒЫ АТЛЕТИКАЛЫҚ АУЫЛҒА ҚОНЫСТАНА БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ДЖАКАРТАДАҒЫ АТЛЕТИКАЛЫҚ АУЫЛҒА ҚОНЫСТАНА БАСТАДЫ

Азия ойындарына аттанған Қазақстан құрамасының спортшылары Джакарта мен Палембангтағы атлетикалық ауылдарға қоныстанып жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы спортшыларының басым бөлігі 12 тамыз күні Алматыдан Джакартаға аттанған болатын. Спортшыларды журналистер мен жанкүйерлер және басшылық құрам сәт-сапар тілеп, АІВА академиясынан салтанатты түрде шығарып салған болатын.

Жазғы Азия ойындары 18 тамыз күні басталады. Аталған ойындарға Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 440 спортшы қатысады, оның ішіндегі 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.

Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарында жалпы есебі 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 363 жүлде олимпиадалық спорт түрлерінен өз иесін таппақ. Тағы бір айта кетерлігі, биыл Азия ойындарының бағдарламасынан нысана көздеу және стенд атудан командалық жарыс пен бокстан ерлер арасында ауыр салмақ дәрежелері (81 келі, 91 келі, +91 келі) алынып тасталды.

Құрлық додасы Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді. Атлетикалық ауылдар екі қалада да орналасқан.

Джакартада спорттың мына түрлерінен жарыс өтеді: жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, күрес түрлері, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су добы, қазіргі бессайыс, таеквондо, семсерлесу, карате, регби, суда жүзу, гандбол, синхронды жүзу, садақ ату, көркем гимнастика, желкенді спорт, көгалдағы хоккей, ескек есу (слалом), спорттық гимнастика, волейбол, гольф, баскетбол, баскетбол 3х3, батутта секіру.

Палембангта спорттың мына түрлерінен жеңімпаздар анықталады: академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, нысана көздеу, стенд ату, триатлон, жағажай волейболы, спорттық құзға өрмелеу, теннис.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

МБАППЕ ЕКІНШІ ТАЙМДА АЛАҢҒА ШЫҒЫП «ПСЖНЫ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

Париждік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппе «Генгамға» қарсы өткен ойынның нәтижесін шешіп кетті. Франция чемпионатының 2-ші …