Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «БАВАРИЯ» ГЕРМАНИЯ СУПЕР КУБОГЫ ҮШІН ОЙЫНДА «АЙНТРАХТ ФРАНКФУРТТЫ» ЖЕҢДІ

«БАВАРИЯ» ГЕРМАНИЯ СУПЕР КУБОГЫ ҮШІН ОЙЫНДА «АЙНТРАХТ ФРАНКФУРТТЫ» ЖЕҢДІ

Роберта Левандовскидің үш голы «Баварияға» жетінші рет Германия Супер Кубогының жеңімпазы атануға себеркер болды.

Франкфурт қаласында өткен ойында, «Бавария» алаң иелері «Айнтрахт Франкфуртке» жауапсыз бес гол соқты. «Баварияның» шабуылшысы Роберта Левандовски үш гол соқты, ал Кингсли Коман мен Тьяго Алькантара бір-бір голдан соғып көзге түсті.

«Баварияның» жаңа бас бапкері Нико Ковач, өткен маусымда «Айнтрахт Франкфурттің» бапкері ретінде «Баварияны» жеңіп, Германия Кубогының иегері атанған еді. Енді өзінің бұрынғы командасын жеңіп, «Бавариямен» алғашқы титулына ие болды.

Фото: «Бавария» клубының твиттерінен

Сондай-ақ

ДЖАКАРТАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ РЕСМИ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді деп хабарлайды Olympic.kz. Еліміздің …