Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «БАРСЕЛОНА» ИСПАНИЯ СУПЕР КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

«БАРСЕЛОНА» ИСПАНИЯ СУПЕР КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Марокконың Танжер қаласында Испания Супер Кубогы үшін, «Севилья» мен «Барселона» ойын өткізді.

Каталондық «Барселона» «Севильяны» 2:1 есебімен жеңіп, осы маусымдағы алғашқы титулына ие болды. «Севилья» сапынан Сарабия гол соқса, ал «Барселонадан» Пике мен Дембеле гол соқты.

Биылғы Испания Супер Кубогы ерекше болды, себебі Испаниядан тыс жерде Мароккода өтті және жеңімпаз екі емес бір ойында анықталды.

Бұл «Барселона» клубының тарихындағы 95 ресми титулы. Ал Лионель Месси «Барселона» клубының тарихында ең көп 33 титул жеңіп алған ойыншы ретінде рекорд жасады. Осынған дейін Андрес Иньеста мен Месси 32 титул еді.

«Барселона» 2:1 «Севилья»

Голдар: 42′ Пике, 78′ Дембеле — 10′ Сарабия.

«Барселона»: тер Штеген — Семеду, Ленгле, Пике, Альба — Артур (Коутиньо 53′), Бускетс, Рафинья (Ракитич 46′) — Месси, Суарес, Дембеле (Видаль 86′).

«Севилья»: Вацлик — Меркадо (Бен Йеддер 85′), Кьяер, Гомес — Навас, Банега, Меса, Эскудеро — Сарабия (Видаль 71′), Муриэль (Силва 60′), Васкес.

Сондай-ақ

ДЖАКАРТАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ РЕСМИ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді деп хабарлайды Olympic.kz. Еліміздің …