Басты бет / Қысқы спорт / УНИВЕРСИЯДАҒА ОҢТҮСТІКТЕН БЕС ФРИСТАЙЛШЫ ҚАТЫСАДЫ

УНИВЕРСИЯДАҒА ОҢТҮСТІКТЕН БЕС ФРИСТАЙЛШЫ ҚАТЫСАДЫ

 

Жылы өлке саналатын Оңтүстікте де қысқы спорт түрлері құлашын жайып келеді.

Санаулы күндерден кейін Алматыда бүкіләлемдік студенттер Универсиадасы өтеді. Оған облысымыздан фристайл спортынан Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаева, Бағлан Іңкәрбек, Дархан Мұхамеджанов және Ақмаржан Қалмұрзаева қатысып ел намысын қорғайды.
Осыған орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осынау аламан дүбірге қатысатын спортшылармен кездесу өткізіп оларға ақ жол,сәтті сапар тіледі!
Облысымыздың бес спортшысы да медальдан үміткер. Бұған дейін Олимпиада ойындарына қатысып тәжірибе жинақтағандары да бар, дейді журналист Ілияс Жолдас.

Сондай-ақ

ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті Қазақстан атынан …