Басты бет / Футбол / Испания Премьерасы / МЕССИ МЕН РОНАЛДУ. ГОЛДАН ГОЛҒА

МЕССИ МЕН РОНАЛДУ. ГОЛДАН ГОЛҒА

Чемпиондар лигасында 100 голдық межеге кім бірінші жетеді? Месси маусым басында Роналдудан 10 голға қалып келе жатқан. Дегенмен, Месси гол айырмасын екіге дейін қысқартты.

Жылдар бойы УЕФА Чемпиондар лигасындағы екі мықтының теке-тіресі жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. 2014/15 жылғы маусымда Месси мен Роналду ең үздік сұрмерген атанып келе жатқан Рауль Гонсалесті (77 гол) басып озған еді.

Өткен маусымда Роналду Чемпиондар лигасында 16 гол соқты (11 — топтық кезеңде). Осылайша Мессиден 10 допқа ұзап кеткен. Алайда, биылғы маусымдағы топтық кезеңнің өзінде Месси екі хет-трик орындап, аралықты екі допқа дейін қысқарта алды. Қазір Роналду мен Мессидің Чемпиондар лигасындағы голдарының есебі: 95-93. Ал барлық еурокубоктердегі голдар есебі: 98-96.

• Чемпиондар лигасында Месси гол соққан кездесуде «Барселона» тек үш рет жеңілген.
• Роналду 25 матчта бір голдан көп соққан (екі немесе одан да көп).
• Месси жеті хет-трик орындаған, Роналду — бес.
• Роналду бес маусым қатарынан 1/8 финалдағы қос кездесуде де гол соққан.
• Екеуі де екі финалдық кездесуде дубль орындаған.

Сондай-ақ

РЕСЕЙЛІК ШАҢҒЫШЫЛАР АЛМАТЫДА ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫН ӨТКІЗДІ

  Ресей Федерациясының шаңғышылары Алматы қаласындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спринттік құрама жаңа жылды Қазақстанда өткізді. …