Басты бет / Бокс / БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ГЕРМАНИЯДА ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ГЕРМАНИЯДА ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

 

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Германия жерінде жаттығу жиындарына кірісті.

Боксшыларымыз жексенбі күні Германия барыпты. Құрамамыздың бас бапкері бұл жаттығу жиындарына 15 боксшыны алып барған. Оның ішінде 10 боксшы Германия жерінде өтетін халықаралық турнирге қатысады. Қалған бесеуі алдағы уақытта Финляндия жерінде өтетін додаға жол тартады.

Қазіргі уақытта біздің былғары қолғап шеберлеріміз Германия құрамасымен бірге таулы аймақта жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр.

Ұлттық құраманың қалған боксшылары Алматыдағы AIBA академиясында жаттығып жатыр. Олардың ішінен алты боксшымыз Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады.

 

Сондай-ақ

«АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫ ЖАҢА ШАБАНДОЗБЕН ТОЛЫҚТЫ

Әлемдік деңгейдегі  «Астана» велокомандасы Испаниялық велошабандоз Омар Фраилемен 2018-2019 жылғы маусым аралығына келісім шартқа отырды. …