Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Бразилиялық джиуджитсудан балалар арасында ArlanGripSelection ашық халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Кеше Алматыда, «Арлан Грип Аренада» балалар мен жасөспірімдер арасында бразилиялық джиу-джитсудан (IBJJF ережелері бойынша)Arlan Grip Selection халықаралық «Spring Open» турнирі өтті. 7-17 жастардағы джитсерлер өз салмақтарына сәйкес белдесті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, көршілес елдерден270-ке жуық спортшы алып шаһарда бас қосты.

Жеткеншектердің жастарына қарамастан, олардың физикалық дайындығы жоғарғы деңгейде. Қатысушылар өз техникалық білімдерін тәжірибиеде қолданып, жүйрік, жылдам екенін дәлелдеді.  Жанкүйерлертартысты да қызықты кездесулердің куәгері болып, өз спортшыларын барынша қолдап, оларды жігерлендірді.

Қуаныш Айсен бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection турнирінің жеңімпазы:

— Бұл жеңіс күтпеген жерден болды, жеңемін деп ойлаған жоқпын. Жалпы мен төрт кездесуді жеңіліссіз өткіздім. Біріншісін, ұпайлар арқылы ұтсам, ал қалғандарын ауыртпа тәсілдермен жеңдім. Әлбетте, финалдық белдесу алдыңғыларымен салыстырғанда әлдеқайда қиындау берілді. Менің соңғы қарсыласым кішкентай болғанымен, өте мықты болды. Мен «гардқа кіру», «үшбұрыш», «армбар» және «қылқындыру» әдістерін қолдандым. Мен барлықтарына шексіз алғысымды білдіремін, қуанышымда шек жоқ!

Спортшылардың айтуынша, джиу-джитсу– ол ауыртпа тәсілдер ғана емес, сонымен қатар, техникалық білім мен есте сақтау қабілетін үйлестіре алу, оны тәжірибиеде қолдана білу. Айта кетсек, «Арлан Грип Арена» боз кілемінде ұлдармен қатар қыздар да сынға түсті. Бойжеткендер ұлдардан кем еместігін, бразилиялықджиу-джитсудың нағыз шеберлері екендігін айқын көрсетті.

Элина Лянгузова бразилиялық джиу-джитсуданArlan Grip Selection турнирінің жеңімпазы:

— Алғашқы кездесулер оңай берілді, алайда, соңғы қарсыласым өзім жаттығатын клубтан болғандықтан, кішкене қиындау болды. Көбінесе, мен , «гардқа кіру», үстінен ұстау «маунт» және «қылқындыру» тәсілдерін қолдандым. Менің ойымша, джиу-джитсу- серпінді дамып келе жатқан спорт түрі. Біздің ұжым бір отбасындай болып кеткен, бір-бірімізге барынша қолдау көрсетеміз. Бразилиялықджиу-джитсумен шұғылдану қыздарға пайдалы. Осы спорт түрімен айналысатын қыздар рухани бай деп ойлаймын.

Тартысты да қызықты кездесулердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен медальдермен марапатталды. Балалар мен жасөспірімдіер шеберліктерін танытса, әділ төрешілер үздіктерін іріктеді.

Айта кетсек, бүгін бразилиялық джиу-джитсудан халықаралық турнир ересектер арасында өтеді.

Назарларыңызға жарыстың нәтижелерін ұсынамыз:

7-8 (24 кг)

Iорын – Рафаэль Орумбаев

IIорын – Амир Баймухан

IIIорын – Алан Манат

7-8 (28 кг)

Iорын – ЕрасылРыспай

IIорын – ДиасМитнжасаров

IIIорын – Олег Юн

7-8 (32 кг)

Iорын – Али Алибек

IIорын – Саят Нурсагат

IIIорын – АлдиярАйтасов

7-8 (32+кг)

Iорын – КуанышАйсен

IIорын – Алексей Тришин

IIIорын – Сергей Макаров

9-11 (30 кг)

Iорын – МаргуланТулиген

IIорын – Вадим Негуляев

IIIорын – АйкынМурзагалиев

9-11 (36 кг)

Iорын – РадмирАюпов

IIорын – ГафурУжахов

IIIорын – ЕрнатКадирбек

9-11 (40 кг)

Iорын – Евгений Коледин

IIорын – ЕрланЕргазинов

IIIорын – Александр Добрышкин

9-11 (45 кг)

Iорын – АбулхайырАлибек

IIорын – АнсарИтахунов

IIIорын – АнуарбекАсхатбек

9-11 (45+ кг)

Iорын – ДуманЗарканов

IIорын – Руслан Чень

IIIорын – НурхатМаксутов

12-14 (45 кг white)

Iорын – Павел Симакин

IIорын – ИльзатАнаятов

IIIорын – Максим рычков

12-14 (45 кг yellow)

Iорын – Дмитрий Гурин

IIорын – Владимир Ефименко

IIIорын– ЖарылкасынНусуп

12-14 (51 кг)

Iорын – Артем Хван

IIорын – ЕрсултанбекТауасаруль

IIIорын – Ислам Арупов

12-14 (54 кг)

Iорын – НуржанЖакыпбек

IIорын – Омар Сабырджан

IIIорын – АдлетБекенов

12-14 (54+ кг white)

Iорын – МухамедиярКудайкулов

IIорын – АянбекЖапар

IIIорын – АйсултанАхметжанов

12-14 (54+ кг yellow)

Iорын – АлдиярСерик

IIорын – Сергей Губкин

IIIорын – Глеб Фетусов

14 (41+ кг female)

Iорын – АйжанАбылгазиева

IIорын – Анастасия Тюнина

IIIорын – АлуаДуйсенбек

15-17 (51 кг)

Iорын – Тимур Кисляков

IIорын – Богдан Ермаков

IIIорын – РишатНиязахунов

15-17 (54 кг)

Iорын – ИмранЕркен

IIорын – РайымбекБакытжан

IIIорын – БакбергенАйдарбек

15-17 (55 кг female)

Iорын – ДиляраТурысбекова

IIорын – СальсабильНуржанова

IIIорын – МубарякГаитова

15-17 (55 кг)

Iорын – Элина Лянгкзова

IIорын – Дина Давлятова

IIIорын – Дана Абылгазина

15-17 (59 кг)

Iорын – Арман Хакимов

IIорын – Шавкет Юсупов

IIIорын – ДиязКеримбаев

15-17 (64 кг)

Iорын – Дмитрий Нам

IIорын – ДаиржанТанатар

IIIорын – Мурат Абдимажан

15-17 (75 кг)

Iорын – НуртуганБекмурат

IIорын – КамильШевердиев

IIIорын – Ильяс Моминов

15-17 (75+ кг)

Iорын – МадиОразов

IIорын – Михаил Черкашин

III орын – Данил Бичев

 

 

Сондай-ақ

ҚАРАҒАНДЫ МАРАФОНЫНА 5000 АДАМ ҚАТЫСТЫ

3 маусым күні Қарағандыда алғаш рет «Арманға жол» атты жалпыхалықтық жартылай марафон өтті. Оған еліміздің …