Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА «ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА «ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

 

Алматыда «Жұлдызай» Спартакиадасының  қалалық кезеңі өтеді

 «Жұлдызай» XII республикалық фестивалінің аясында мамырдың  3-і күні  алып шаһарда «Жұлдызай» Спартакиадасының  қалалық іріктеу кезеңі мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында өтеді.

 Қыздар мен ұлдар «Динамо» стадионында спорттың төрт түрінен, шағын футбол, жеңіл атлетика, үстелдегі теннис пен асык атудан белгілі ережелер бойынша сынға түседі.

Спартакиаданың қалалық іріктеу кезеңіне 10-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады (бірақ 15 жастан аспау қажет).

Бұл шараның басты мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа қызықтыру, оларды қоғамға әлеуметтендіру, біріктіру, сондай-ақ, дарынды спортшыларды іріктеп, оларға қолдау көрсету.

Ұйымдастырушылар жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  медаль мен дипломдармен марапаттайды.

«Жұлдызай» спартакиадасының  ұйымдастырушылары: Алматы қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қ. Білім басқармасы, сонымен қатар, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубы.

Айта кететін жайт, сәуірдің  4-і бастап осы жобаның  ұйымдастыру алқаса еліміздің 16 қаласын аралап өтіп, олар мамырдың  30-ы мен 31-і күндері оңтүстік астанада  өтетін  республикалық кезеңге үздіктерді іріктейді. Спорттық  шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 400 ерекше балалар қатысады.

Айта кетер жайт, 12 жылдың ішінде алғаш рет «Жұлдызай» фестивалі Алматыда өтеді. Бұған дейін спартакиада еліміздің астанасында өткізілген.

Жарыстың қалалық кезеңінің басталуы: 10:00

Өткізілетін орны: «Динамо» стадионы

Сондай-ақ

ВЛАДИМИР КЛИЧКО СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

41 жастағы аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Владимир Кличко карьерасын аяқтады. Бұл туралы …