Басты бет / Кәсіпқой бокс / МАЙК ТАЙСОН АЛМАТЫҒА КЕЛЕ ЖАТЫР

МАЙК ТАЙСОН АЛМАТЫҒА КЕЛЕ ЖАТЫР

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон 1 желтоқсанда Алматыға келеді деп хабарлайды prosports.kz.

Бокс аңызы 1-2 желтоқсанда «Алматы Аренада» өтетін Synergy Global Forum форумының екінші күнінде хедлайнер болады. Тайсоннан бөлек, Алматыға аустралиялық мотиватор Ник Вуйчич, ресейлік журналист Леонид Парфенов пен британиялық психолог Тони Бьюзен келеді.

Майкт Тайсон – америкалық кәсіпқой боксшы. Бірінші ауыр салмақта жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы Кәсіпқойлар арасында ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы (1987 – 1990).

WBC (1986—1990, 1996), WBA (1987—1990, 1996), IBF (1987—1990), The Ring (1988—1990) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Желілік чемпион (1988—1990).

«Ринг» журналының нұсқасы бойынша үздік Р4Р-боксшы (1987—1989). «Ринг» журналының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» (1986, 1988). BWAA нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» (1986, 1988). BBC нұсқасы бойынша «Жылдың спорт тұлғасы»(1989).

Сондай-ақ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУГЕ АТАҚТЫ СПОРТШЫЛАР ҚАТЫСАДЫ

Қыркүйек айының 10-ы күні алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала күніне арналған велошеру өтеді. …